Өмір сабақтары: №21 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан әйел өзгелерге үлгі көрсетуде

Семей қаласындағы №21 әйелдер түзеу мекемесінде әрбір сотталған азаматшаға қоғамға қайта оралып, өмірін жаңаша бастауға мүмкіндік беріледі. Солардың бірі — 1967 жылы туған С. есімді азаматша.

Сот үкімі бойынша ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 217-бабы, 3-бөлімі бойынша (қаржылық пирамида құру және басқару) кінәлі деп танылып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылған. Тергеу материалдары бойынша С. өзінің танысымен бірігіп, WhatsApp мессенджері арқылы қаржылық пирамида құруға қатысқан. Қазіргі таңда ол Семей қаласындағы №21 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатыр.

Дегенмен, тағдырдың қатал сабағы оны түңілтпеді. С. бұл қиын кезеңді өміріне жаңа көзқараспен қарауға, өзін дамытуға және өзгелерге қолдау көрсетуге пайдалануда. Бүгінде ол мекеме ішіндегі мәдени-көпшілік шараларға белсене қатысып, тоқыма үйірмесін басқарады. Бұл үйірмеде ол өзге әйелдерге қолөнерді үйретіп, уақытты тиімді өткізудің жолдарын көрсетуде.

Сонымен қатар, С. мекемеге жаңадан келген әйелдерге ақыл-кеңестер беріп, өз басынан өткен оқиғасын мысал ете отырып, заңсыз әрекеттерге бармауға, оңай ақша табуға ұмтылмауға, әсіресе қаржылық пирамидаларға қатыспауға шақырады.

«Өмірде әркім қателесуі мүмкін. Ең бастысы — сол қателіктен сабақ алып, өзіңді түзетуге ниет білдіру. Жас кезде әсіресе, жеңіл жол іздеген дұрыс емес. Бәрі тек еңбектің, адалдықтың нәтижесінде келеді», — дейді ол.

С. туған-туыстарымен тұрақты байланыста, бұл оның рухани жағдайына оң әсер етеді. Тәртібі мен белсенділігі үшін бірнеше мәрте көтермелеуге ие болған.

№21 түзеу мекемесінде осындай тәрбиелік және түзету жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі. Әйелдер арасында рухани қолдау көрсету, пайдалы дағдыларды дамыту, мәдени шараларға қатысу — олардың ертеңгі күнге сеніммен қарауына үлкен ықпал етеді.

Свобода, которую нельзя заменить

В колониях минимальной безопасности особое значение имеют дни, когда...

Еркіндіктің орны бөлек

Ең төменгі қауіпсіздік мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар үшін...

Абай облысы ҚАЖ әйел қызметкерлері 8 наурыз қарсаңында марапатталды

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі...

Сотрудники УИС по области Абай провели «Бьюти День» для представительниц старшего поколения в Семее

В преддверии Международного женского дня сотрудники Департамента уголовно-исполнительной системы...

Оказана благотворительная помощь со стороны службы пробации Аягозского района

В рамках священного месяца Рамазан службой пробации Аягозского района...