Өрт қаупі күшейді: ТЖМ тұрғындарға үндеу жасады 

Жылы күндердің басталуына және өрт қауіпті маусымның келуіне байланысты табиғи өрттердің туындау қаупі артып отыр. Осыған орай Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мамандардың айтуынша, сенбіліктер өткізу, аула мен саяжай аумақтарын тазалау кезінде аса мұқият болу қажет. Құрғақ, ыстық әрі желді ауа райында қоқыс пен шөп жағуға қатаң тыйым салынады. Ал ауа райы қолайлы жағдайда от жағуға тек арнайы бөлінген орындарда, ғимараттардан кемінде 50 метр қашықтықта және тұрақты бақылаумен ғана рұқсат етіледі.

Сондай-ақ мангал, барбекю немесе грильді үйлер мен құрылыстардан кемінде 10 метр қашықтықта пайдалану керек. Қасында міндетті түрде өрт сөндіргіш немесе кемінде 10 литр су болуы тиіс.

ТЖМ тұрғындарға:

  • сөндірілмеген темекі тұқылын тастамауды,
  • құрғақ шөпті өртемеуді,
  • аумақты жанғыш қоқыстан тазалап отыруды,
  • балалардың отпен ойнауына жол бермеуді ескертеді.

Өрт белгілері байқалған жағдайда 101 немесе 112 нөміріне хабарласу қажет.

Сонымен қатар ведомство су айдындарындағы қауіпсіздікке де ерекше назар аударуды сұрайды. Балаларды су жағасында қараусыз қалдырмау, әсіресе жазғы демалыс кезінде аса маңызды.

Құтқарушылар әр азаматты жауапкершілік танытып, өз өмірі мен жақындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырады.

Бір шаңырақ астындағы халық: Қазақстанның этнос құрылымы қалай өзгеріп жатыр?

2026 жылдың басында республика бойынша қазақтардың үлесі 71,5%-дан асады.Қазақстандағы...

Қазақстан халқының бірлігі күні: мерекеге орай қайда баруға болады?

1996 жылға дейін Қазақстанда 1 мамыр Еңбек күні ретінде...

Тоқаев қазақстандықтарды Бірлік күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандастарын 1 мамырда атап өтілетін...

Алматыда даулы крематорий пайдалануға берілді

Алматыда көптен бері ашылуы кейінге қалдырылып келген еліміздегі алғашқы крематорий ашылды.

Азық-түлік бағасына бақылау күшейді: 1400-ден астам айыппұл салынды

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағасын тұрақтандыру мақсатында бақылау шаралары күшейтілді.