«ӨКМ операторының» ісі: бұрынғы басшы 920 миллион теңге төледі

«ӨКМ операторының» бұрынғы құрылтайшысы, бұған дейін Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадицияланған Шнар Мұқтарова 920 миллион теңге шығынды өтеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сотта айыпталушының адвокаттары Шнар Мұқтарова 920 миллион 534 мың теңге көлеміндегі барлық шығынды өтегенін хабарлады. Судья Ибрагим Әлкенов түбіртекті іс материалдарына қосу туралы өтінішті қанағаттандырды.

Адвокаттар процессуалдық келісім жасауды сұрағанымен, іс прокуроры Ерасыл Сәкенов келісімге келуден бас тартты.

Сот сот тергеуінің басталғанын жариялады.

Есек салайық, Мұқтарова 2017-2018 жылдары Экологиялық кодекс талаптарын бұза отырып, кәдеге жарату төлемінен 920 миллион теңге көлемінде өзіне дивиденд түрінде заңсыз төленген қаражатты иемденген деген күдікке ілінген.

Азиада-2026: Қазақстанның спортшыларына қанша сыйақы беріледі?

ҚР Туризм және спорт министрлігінің бұйрығына сәйкес, Азия ойындарында алтын медаль иеленген спортшыға 10 мың доллар, күміс жүлдегерге 5 мың доллар, ал қола медаль иегеріне 3 мың доллар көлемінде сыйақы қарастырылған

Елдегі медицина қызметкерлері санитарлық бетперде тағуға міндеттелді

Алайда бұл талап тек денсаулық сақтау ұйымдарындағы медицина қызметкерлеріне қатысты. Мұндай режим ауруға шалдығу қаупінің жоғары болуына байланысты енгізілген.

Азиада-2026 аяқталды: Қазақстан қандай нәтиже көрсетті? 

Жапонияда ХХ жазғы Азия ойындары аяқталды. Қазақстан спортшылары 12 алтын, 24 күміс және 48 қола медаль жеңіп алды.

Елімізде 2,2 млн бала тегін үйірмелер мен секцияларға қатысады 

Қазақстанда балалардың денсаулығы мен сапалы білім алуына жағдай жасау бағытында мектептегі тегін тамақтану, қосымша білім беру және білім беру инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жалғасып жатыр.

9 қазаннан бастап мектепте оқушының телефон қолдану тәртібі өзгереді

Қазақстанда орта білім беру ұйымында оқушы мен тәрбиеленушінің ұялы телефон қолдану тәртібі бекітілді.