Әлемдік нарықта мұнай бағасы арзандады 

Таяу Шығыстағы геосаяси жағдай мен Ормуз бұғазының жабық қалуына байланысты мұнай тасымалында қиындықтар әлі де бар. Соған қарамастан, бейсенбіде нарықтағы мұнай бағасы күрт арзандады. Бұған сұраныстың төмендеуі мен АҚШ-тағы мұнай қорының өсуі себеп болды.

Reuters агенттігінің мәліметінше, Гринвич уақытымен сағат 04:05-те Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 42 центке (0,47%) төмендеп, барреліне 88,56 долларды құрады. Ал америкалық WTI (West Texas Intermediate) мұнайы алдыңғы сессиялардағы өсімнен кейін 55 центке (0,66%) арзандап, барреліне 82,72 доллар деңгейінде белгіленді.

Шикізат тасымалы үшін стратегиялық маңызы бар Ормуз бұғазын қайта ашу мәселесіне байланысты өзгерістер байқалмайды. Ирандық жоғары лауазымды дереккөз маусым айында келісілген уақытша мәмілені қайта жандандыру бойынша тараптардың келісімге келе алмағанын хабарлады.

АҚШ пен Иран қарым-қатынасында оң өзгерістер аз, тараптар арасында әлі де келіспеушіліктер бар. Сонымен қатар Ресейдің Новороссийск портына жасалған соңғы дрон шабуылы мұнай инфрақұрылымына зақым келтірмеген және терминалдардың зақымданғаны туралы ақпарат түскен жоқ, – дейді ING аналитиктері.

АҚШ Энергетикалық ақпарат басқармасының (EIA) мәліметінше, экспорттың төмендеуі салдарынан коммерциялық шикі мұнай қоры бір аптада 17,4 млн баррельге көбейіп, 424,4 млн баррельді құрады. Бұл – 2023 жылдың қаңтарынан бергі ең жоғары апталық өсім. Сарапшылар керісінше қор 1,4 млн баррельге азаяды деп болжаған еді.

Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы (OPEC) мұнай нарығының жағдайы туралы айлық есебінде 2026 жылы әлемдік мұнай сұранысының өсу болжамын тәулігіне 580 000 баррельге дейін төмендетті.

Ал, Халықаралық энергетикалық агенттік (IEA) АҚШ, Израиль және Иран арасындағы қақтығыс салдарынан бағаның өсуі мен тасымалдың шектелуін ескере отырып, биылғы тұтыну көлемі тәулігіне 1,6 млн баррельге азаяды деген болжам жасады (өткен айдағы болжам – 1 млн баррель).

Елімізде кейбір мемлекеттік награданы беру тәртібі өзгерді

Мемлекеттік ордендер тізіміне тарихи тұлғалардың есімімен аталған наградалар енгізілді.

Ақтауда еден жуушының шелегін тепкен әйелге айыппұл салынды

Ақтауда мектеп басшысының әйелі тазалықшының шелегін теуіп, оны балағаттағаны үшін ұсақ бұзақылық жасаған деп танылды.

Президент Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді 

Жиын барысында Президент «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшыларының сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен ұсталуына байланысты мемлекеттің позициясын жеткізеді.

Қазақстан ажырасу бойынша әлемнің ТОП-15 еліне кірді: АҚШ-пен көрсеткіші бірдей 

Зерттеу нәтижесі бойынша, Қазақстанда 15 жастан асқан әрбір 1000 адамға шаққанда ажырасу коэффициенті 2,9 болған. Бұл көрсеткішпен еліміз 66 мемлекеттің арасында 14-орынға орналасқан.

Мектептерге жаппай Face ID жүйесін енгізу жоспарланып отыр

Қазақстандағы барлық мектепте Face ID технологиясы арқылы кіруді бақылау жүйесін енгізу жоспарланып отыр.