ӘЧ – 2026: Тағы үш матч тең аяқталды 

Футболдан әлем чемпионаты жалғасуда. Бүгін түнде G тобындағы Египет пен Бельгия, Н тобындағы Уругвай мен Сауд Арабиясы алғашқы кездесулерін өткізді.

Әлем чемпионатының G тобындағы алғашқы матчта Египет пен Бельгия құрамалары 1:1 есебімен тең түсті.

Кездесудің 21-минутында Эмам Ашур алыстан дәл соққы жасап, Египетті алға шығарды. Алайда екінші таймда бельгиялықтардың қысымы нәтиже беріп, 66-минутта Мохамед Хани өз қақпасына гол соғып алды. Матч соңында Мохамед Салахтың жеңіс голын соғуға мүмкіндігі болғанымен, Тибо Куртуа оның соққысын қайтарды.

Осылайша Бельгия қиын матчта бір ұпай еншіледі. Келесі турда бельгиялықтар Иранмен, ал Египет Жаңа Зеландиямен кездеседі.

Ал H тобындағы ойында Уругвай мен Сауд Арабиясы да жеңімпазды анықтай алмады – 1:1.

Бірінші таймның соңында Абдулела әл-Амри Сауд Арабиясын алға шығарды. Сенсациялық жеңіске жақын болған арабиялықтардың жоспарын Уругвай бұзды. 80-минутта Макси Араухо есепті теңестіріп, командасын жеңілістен құтқарды.

Матчта Уругвай шабуылшысы Дарвин Нуньес алғашқы таймнан кейін ауыстырылып, көзге түсе алмады.

Келесі турда Сауд Арабиясы Испаниямен, ал Уругвай Кабо-Вердемен күш сынасады.

Сондай-ақ  G тобындағы кездесуде Иран мен Жаңа Зеландия құрамалары да 2:2 есебімен тең түсті.

Матчта есепті Жаңа Зеландия ашты. Элайджа Джаст Крис Вудтың нәтижелі пасынан кейін мергендік танытып, командасын алға шығарды. Алайда бірінші таймның ортасында Иран таразы басын теңестірді. Рамин Резаианның дәл соққысы қақпадан саңылау тауып, есеп 1:1 болды.

Үзіліске дейін ирандық шабуылшы Мехди Тареми де гол соғуға жақын келді, бірақ оның алыстан бағыттаған добы қақпа бағанына тиді.

Екінші таймда Жаңа Зеландия тағы да алға шықты. Бұл жолы да Элайджа Джаст көзге түсіп, Крис Вудпен сәтті комбинацияны голмен аяқтады. Дегенмен Иран тез арада жауап қайтарды. Мұхаммед Мохебби Резаианның пасын тиімді пайдаланып, есепті қайта теңестірді.

Осылайша матч 2:2 есебімен аяқталды. G тобындағы алғашқы турдан кейін Иран, Жаңа Зеландия, Египет және Бельгия құрамаларының барлығы бір-бір ұпайдан жинап, турнир кестесінде тең жағдайда тұр.

Енді 21 маусымда Иран құрамасы Лос-Анджелесте Бельгиямен кездессе, Жаңа Зеландия Ванкуверде Египетпен сынға түседі.

Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы болып сайланды 

Құрылтай отырысында Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы лауазымына сайланды.

Құрылтайдың жөні бөлек болары анық – Қасым-Жомарт Тоқаев 

Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясы барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай ұғымының маңызына тоқталды.

Құрылтайдың ең алғашқы отырысы ашылды 

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясы ашылды

Қазақстанда вице-президент пайда болды: Жаңа лауазым не өзгертеді? 

Вице-президенттің міндеті тек өкілдікпен шектеле ме? Жаңа Конституцияда бұл қызметке қандай өкілеттік берілгені және билік сабақтастығы қалай реттелгені белгілі.

7 қыркүйектен кейін қазақстандықтар зейнетақысын өздері басқара алады: Нені білу керек? 

7 қыркүйектен бастап жеке басқаруға беруге болатын зейнетақы жинақтарының ең жоғары үлесі 50%-дан 100%-ға дейін ұлғаяды.