12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Әдеп кодексі – судьялардың басты бағдары

Судьялар – еліміздегі әділдіктің, тура төреліктің кепілі. Сондықтан, мемлекеттегі үшінші билік саналатын сот жүйесіне артылар жауаптылық та, міндет пен талап та жоғары. Бұл талап судьяның тек білім-білігін, кәсіби шеберлігін  ғана қамтымайды. Адам тағдырына төрелік ететін судьяның қоғамдағы бет-бейнесі де, болмыс-бітімі мен көпшілік алдындағы беделі де мәртебесіне сай болуы керек. Судьяның қызметтегі және қызметтен тыс уақыттағы әдебіне, парасат пайымына, кісілік келбетіне қатысты өлшемдер Судьялардың әдеп кодексінде көрініс тапқан.

Әдеп кодексінің маңызы зор. Соған орай, сот судьяларының ғана емес, халыққа қызмет көрсететін мемлекеттік орган қызметкерлерінің барлығы сүйенетін Әдептілік қағидаттары бар. Ал қазақстандық қазылардың Әдеп кодексі республика судьяларының ең бірінші съезінде қабылданған болатын. Содан бері кодекске бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Заман алға жылжып, жаңа технологиялар дамыған, әлеуметтік желідегі азаматтардың белсенділігі артқан бүгінгі қоғамда Әдеп кодексіне жаңа көзқараспен қарап, судьяларға қойылатын әдептілік өлшемдерін қайтадан сүзгіден өткізу қажеттілігі туындағаны белгілі. Осылайша кәсіби талаптардың артуы, судьялардың моральдық-адамгершілік қасиеттеріне қатысты жаңа шындықтар мен тенденциялардың қалыптасуы кодексті қайта қараудың объективті қажеттілігін тудырды. Соған орай Қазақстан Судьялар одағы бүгінде жаңа Әдеп кодексін жаңғырту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізуде. Жақында Алматыда бас қосқан өңір судьялары Әдеп кодексінің жаңашылдықтарына қатысты өз пікірлерін ортаға салды.

Кодексті жаңғырту барысында Халықаралық Судьялар Қауымдастығының талаптары, Біріккен Ұлттар ұйымының судьялар этикасына байланысты нормалары, Еуропа Кеңесінің стандарттары, адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы, «Судьялардың мінез-құлқының Бангалорлық принциптері» бағдар ретінде алынғанын айта кеткеніміз жөн. Себебі халықаралық талаптарға сай ілгерілеп келе жатқан қазақстандық соттың әдептілік қағидаты да өркениетті елдердің құқықтық құжаттарынан шеткері болмауы керек.

Өздеріне қатысты құжат болғандықтан Әдеп кодексін дайындауға судьялар қауымы белсене атсалысты. Осы уақытқа дейін республика судьяларының өкілдері бірнеше рет бас қосып, өз ұысыныс-тілектерін ортаға салды. Жекелеген судьялар кодекске байланысты өз лебіздерін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жеткізді. Осының өзі Әдеп кодексінің көпшілік пікірін жан-жақты ескере отырып дайындалғанын көрсетеді. Мұндайда қазақ «Кеңескен істе кемшілік болмайды» деп жақсы айтқан. Ендеше, әріптестердің атсалысуымен дайындалған Әдеп кодексі де судьяларға мықты көмекші құрал, түзу жолдан адастырмайтын бағдар болады деп сенеміз.

Е. Манапов

Алматы қаласы

Медеу аудандық сотының судьясы

Жаңа кассациялық сот

 Мемлекет басшысы 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қылмыстық, азаматтық...

«Е-апостиль электрондық қызметін қалай тез алуға болады

Шетелге шығу кезінде Қазақстан Республикасының аумағында берілген құжаттар басқа...

Как не стать жертвой финансовой пирамиды

Финансовая пирамида (также инвестиционная пирамида, схема или игра Понци)...

Сот отырысында аудио-бейне тіркеу жүйесін пайдалану ережелері

Осы Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын...

СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ — ҚОҒАМНЫҢ ТАЛАБЫ

Сот - кез-келген даудың түйінін тарқатып, әділдігін айтып, тура...