12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Ұлттық ойындар күніне орай тәрбиелік мәні зор іс-шара ұйымдастырылды

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты 79-мекемеде ұлттық ойындар күніне орай тәрбиелік мәні зор іс-шара ұйымдастырылды. Атап айтқанда, мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталған азаматшалар арасында қазақтың ұлттық ойыны – тоғызқұмалақтан жарыс өткізілді.

Шараның басты мақсаты – ұлттық құндылықтарды насихаттап, сотталған азаматшалардың рухани-мәдени дамуына қолдау көрсету, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру және интеллектуалдық қабілеттерін арттыру болды.

Жарысқа қатысушылар ойын барысында өзара тартысты бәсеке өрбітіп, өздерінің тапқырлығы мен ойлау қабілеттерін таныта білді. Шараға мекеме қызметкерлері де белсене атсалысып, қатысушыларға әділ төрелік жасады.

Жеңімпаздар марапатталып, алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтарға ие болды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай тәрбиелік іс-шаралар сотталған азаматшалардың түзелу жолына оң ықпалын тигізіп, олардың қоғамдық өмірге бейімделуіне мүмкіндік береді.

Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаменті алдағы уақытта да ұлттық мерекелер мен маңызды күндерге орай осындай мазмұнды іс-шараларды дәстүрлі түрде өткізіп тұруды жоспарлап отыр.

«Капитан Байтасов» фильмі көрсетілді

Бүгін, 2025 жылғы 12 қарашада, республикалық акция аясында «Құрмет...

Прошёл показ фильма «Капитан Байтасов»

Сегодня, 12 ноября 2025 года, в рамках республиканской акции...

Қылмыстық — атқару жүйесі органының ардагерінің үйінде сенбілік өтті

Ішкі істер министрлігінің ардагерлер күніне орай және Ішкі істер...

«Үміт сәулесі» – қолөнер арқылы жаңа өмірге қадам

№79 түзеу мекемесінде «Үміт сәулесі» атты ерекше іс-шара ұйымдастырылды....