«Ұлттық қор балаларға» бастамасы аясында 7 млн-ға жуық баланың болашағына ақша аударылды

«Ұлттық қор балаларға» бастамасы аясында 7 млн-ға жуық баланың болашағына ақша аударылды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бағдарлама ресми түрде 2024 жылы 1 қаңтарда басталды. Осы арқылы 2006 жылдан бастап туған әрбір балаға Ұлттық қордан жыл сайын қаражат аудару көзделген.

Қаржы министрлігі мәліметінше, былтыр бағдарламаға 6 919 131 адам, яғни 2006 жылдан 2023 жылға дейін дүниеге келген балалар қатысқан. Олардың әрқайсына $100,52 есептелген.

«Оның жалпы сомасы $695,5 млн болды. Ұлттық қордан ақша есептелген балалардың жалпы санынан 2024 жылы 304 815 адам 18 жасқа толды, оларға жалпы сомасы $30,6 млн аударылды. 2025 жылы қатысушылар саны 6 921 035 балаға дейін өсті, оның 324 430-ы биыл 18 жасқа толады, ал қаржы көлемі $129,38 болды», — деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, қаражат бала 18 жасқа толғанға дейін жиналады, содан кейін оларды тұрғын үйге немесе оқу ақысын төлеуге пайдалануға болады. 

Автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жазаламайды — ІІМ түсініктеме берді

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жауапкершілікке тартатыны туралы ақпарат тараған еді. ҚР ІІМ ӘПК өкілдері бұл ақпараттың шындыққа сәйкес еместігін мәлімдеді.

Елімізге көптен күткен көктемгі жылу қашан келеді?

Бұл сұраққа Қазгидромет синоптиктері жауап берді.

Мұнайдың қымбаттауы Қазақстан бюджетіне қалай әсер етеді?

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мұнай бағасының қымбаттауынан Қазақстанға түсетін қосымша пайда туралы сұраққа жауап берді.

Ораза айт — 2026: қай күні тойланады және мерекенің мәні неде?

Ораза айт – мұсылмандар үшін маңызды мерекелердің бірі. Бұл күн қасиетті Рамазан айының аяқталуын білдіреді және бір ай бойы ұстаған оразаның қорытындысы саналады.

Салық кодексі тағы өзгереді: үкіметте қандай түзетулер талқыланып жатыр?

Үкіметте Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсе жұмысының алдын ала қорытындысы қаралды.