12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Ұлттың тілі – тәуелсіздіктің тірегі

Тәуелсіздік ұлттық құндылықтарымызды ұлықтауға жол ашты. Ұлттың тіл тәуелсіздіктің негізгі тірегі десек, қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болып, оны дамыту мақсатында түрлі бағдарламалар жүзеге асырылды. Алайда, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, бүгінге дейін өзекті мәселелер қатарынан түспей келеді. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқын қазақ тілін ұлтаралық қатынас тіліне айналдыруда жұдырықтай жұмылып, «бір жағадан бас, бір жеңнен қол» шығаруға үндеді.

Мемлкеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту үшін азаматтар барлық салада қазақ тіліне басымдық берулері керек. Заңға сәйкес, сот ісі сотқа талап арыз берілген тілге байланысты жүргізіледі, дейтұрғанмен, әр азамат сотқа қазақ тілінде жүгінсе, осы тілдің қолданыс аясын кеңейтуге зор үлес қосқан болар еді. Мұны айтып отырғанымыз, талап арыздардың мемлекеттік тілде жазылуы, сот өндірісінің мемлекеттік тілге көшуіне бірден-бір кепіл болады.

Елімізде іс қағаздары мемлекеттік тілге көшірілді. ҚР Тіл туралы заңымен мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін және іс қағаздарын жүргізу тілі болып нақтыланды. Осы себепті, әрбір отандасымыз  қазақ тілінде сөйлесе, бұл өз кезегінде мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге ықпал етер еді.

Тілдік ахуалды жақсартуға сот саласында барынша көңіл бөлінуде. Соңғы жылдары мемлекеттік тілде қаралатын істердің сапасы артты, шығыс және ішкі құжаттар қазақ тілінде жүргізіледі. Судьялар істерді екі тілде бірдей қарайды. Мемлекеттік тілдегі сот актілеріне жүргізілетін мониторинг нәтижесінде қазақ тіліндегі сот актілерінің біркелкі стандарты қалыптасты. Соттарда мемлекеттік тілді дамытуда заңнамалық және құқықтық база бар.

Өкініштісі, бізде қазақ тілін біле тұра аудармашы көмегіне жүгіну қалыпты жағдайға айналып барады. Осы үрдістен құтылуымыз керек. Соттар сот процестерін толықтай мемлекеттік тілде жүргізу қажеттігіне қоғамның назарын аудартуда. Мұндай игі бастаманы барлық мемлекеттік орган мен мекемелер қолдап, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуді өз ішінен бастаса нұр үстіне нұр болар еді.

Қазақ тілі тек қазақ халқының ғана емес, Қазақстанды мекендеген әрбір адамның мемлекеттік тілі. Сондықтан, тілді өз тұғырына қондыру қоғам болып жұмылуды қажет етеді.»Өз-өзіңді сыйласаң, жат жанынан түңілер» демекші, қазақ тілінің дамуына ең алдымен өзіміз мүдделілік танытып, өзгелерге үлгі боларлық іс-әрекеттер жасауымыз қажет. Сонда ғана діттеген межеге жетеміз.

Айсара Жилкибаева,

Түрксіб аудандық сотының судьясы

Алматы қаласы

Сыбайлас жемқорлықпен күресу жолдары

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін, мемлекеттің беделін...

Мемлекеттік тіл және сот төрелігі

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің құқықтық, саяси және рухани негізін...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – қоғам дамуының кепілі

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін, мемлекетке деген...

Тәуелсіз сот – құқықтық мемлекеттің конституциялық негізі

Тәуелсіз сот – құқықтық мемлекет қағидаттарының ажырамас бөлігі және...

Судья болу – мәртебелі міндет

Судья болу – мәртебелі міндет. Судьялықтан үміткерлерге қойылатын талаптың...