Абай облысы бойынша ҚАЖД #20 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар мен Абай облысы әкімі аппаратының дене шынықтыру және спорт басқармасымен бірлесіп, үстел теннисінен турнир ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа қызығушылықты арттыру және бос уақытты тиімді ұйымдастыру.
Турнирге мекемеде жазасын өтеп жатқан 18 сотталған белсенді қатысып, өзара спорттық бәсекеде шеберліктерін көрсетті. Жарыс барысында қатысушылардың физикалық дайындығы, ептілігі мен жылдамдығы сынға түсті.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған қатысушылар анықталып, грамоталар марапатталды. Ұйымдастырушылар тарапынан спорттық іс-шаралардың тәрбиелік мәні жоғары екені, сотталғандарды оң әлеуметтік бейімдеуге ықпал ететіні атап өтілді.
Мекеме әкімшілігі алдағы уақытта да дене шынықтыру және спорттық іс-шараларды жүйелі түрде өткізіп, салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған жұмыстарды жалғастыратынын жеткізді.


