Үкімет Алакөлде жағалауды қорғайтын бөгет салуға 3 млрд теңге бөлді 

Үкімет Жетісу облысындағы Алакөл көлінің жағалауын шайылудан қорғау үшін қорғаныс бөгетін салуға 3 млрд теңге бөлді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Қаржы Үкіметтің резервінен бөлініп, Мемлекет басшысының су шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында бағытталды.

Жоба аясында жалпы ұзындығы 6 шақырым болатын қорғаныс бөгеті салынады. Оның 2,5 шақырымы Көктұма ауылында, ал 3,5 шақырымы Ақши ауылында орналасады.

Бұған дейін, 2025 жылы, 1,7 шақырым аумақта жағалауды нығайту жұмыстары жүргізіліп, жер қазу, бетон құю және габион құрылымдарын орнату аяқталған. Қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстарының шамамен 25 пайызы орындалған.

Мамандардың айтуынша, жоба Алакөл жағалауының одан әрі шайылуының алдын алып, көлдегі шөгінділердің табиғи қозғалысы мен қайта бөліну процесін сақтауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар қорғаныс инфрақұрылымының салынуы өңірдің туристік әлеуетін арттырып, демалушылар мен жергілікті тұрғындар үшін қолайлы жағдай қалыптастыруға ықпал етеді.

Үкімет мәліметінше, соңғы екі жылда Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында жалпы ұзындығы 243 шақырым болатын қорғаныс бөгеттері мен гидротехникалық құрылыстар салынып, нығайтылған.

Үкімет су және туристік инфрақұрылымды дамытуға, табиғи ресурстарды қорғауға және өңірлердің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған жобаларды бақылауда ұстап отыр.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты.Ақорда резиденциясының...

Казахстан строит больше жилья на человека, чем ЕС и США

Политолог Андрей Чеботарев разобрал показатели развития Казахстана, которые Президент...

Цифровой контроль ради безопасности 

ДВЕ ТРАГЕДИИ – ГИБЕЛЬ 20-ЛЕТНЕЙ ДИЛЬНАЗ ЖУМАГУЛОВОЙ В ОБЛАСТИ АБАЙ И УБИЙСТВО ЖАЗИРЫ АДАУВОВОЙ В АСТАНЕ ВНОВЬ ПОСТАВИЛИ ВОПРОС О ТОМ, МОЖНО ЛИ ВЫЯВЛЯТЬ УГРОЗУ ДОМАШНЕГО НАСИЛИЯ ДО ТОГО, КАК СТАНОВИТСЯ ПОЗДНО. ДЕПУТАТЫ КУРУЛТАЯ ПРЕДЛАГАЮТ ЗАПУСТИТЬ ПИЛОТНЫЙ ПРОЕКТ «ЭЛЕКТРОННАЯ ЗОНА ЗАЩИТЫ», ОБЯЗАТЬ ПОЛИЦИЮ ДЕЙСТВОВАТЬ ПО ЕДИНОМУ АЛГОРИТМУ И В ЦИФРОВОМ ФОРМАТЕ ФИКСИРОВАТЬ КАЖДЫЙ СИГНАЛ ОБ ОПАСНОСТИ И РЕАКЦИЮ НА НЕГО.

Республика күні Алматыда қайда баруға болады? Мерекелік іс-шаралар тізімі

25 қазанда Алматыда Республика күніне орай концерттер, көрмелер, спорттық жарыстар мен танымдық іс-шаралар өтеді. Мерекелік бағдарламаға Мемлекеттік ту көтеру рәсімі, ашық аспан астындағы концерт және халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі кіреді.

1 қаңтарынан бастап еліміздегі барлық балабақша міндетті лицензиялаудан өтеді 

Жаңа талап аясында санитариялық жағдай, өрт қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйесі мен білім беру сапасы тексеріледі.