Қызылорда облысында ҚАЖД мекемесіндегі кірпіш шығаратын кәсіпорында 50-ге жуық сотталған еңбек етеді

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД мекемесіндегі кірпіш шығаратын кәсіпорында 50-ге жуық сотталған еңбек етеді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №60 түзеу мекемесінің өндірістік аймағында күйдірілген кірпіш шығаратын кәсіпорын жұмыс істейді. Бұл — ішкі нарықта үлкен сұранысқа ие өнім. Ішкі істер министрінің тапсырмасына сәйкес, сотталғандарды еңбекпен қамту – қылмыстық-атқару жүйесі қызметінің басты басымдықтарының бірі болып табылады. Бүгінде №60 мекемеде 13 кәсіпорын жұмыс істеп тұр, олардың қатарында 50-ге жуық сотталған еңбек ететін кірпіш өндірісі де бар. Аталған өндірістік орынға жазасын өтеушілер өз еркімен келеді. I және II топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар мемлекеттен әлеуметтік жәрдемақы алатындықтан, жұмысқа тартылмайды. Сол сияқты зейнет жасына жеткен азаматтар да еңбекке қабылданбайды.

– Қалған барлық азаматтарды мүмкіндігінше жұмыспен қамтуға тырысамыз, – дейді сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімінің бастығы Айдана Абдреймова. Жұмысшылардың бірі – А. есімді азамат. Ол сот үкімі шыққанға дейін тұрақты жұмыспен қамтылмаған. Қазіргі таңда кірпіш күйдіру процесіне қатысып жүр.

– Мен үшін еңбек — аса маңызды. Себебі жұмыс барысында кері ойлар мен жағымсыз эмоциялардан арыламын. Ең бастысы — уақытымды пайдалы іске жұмсап, өзіме де, қоғамға да пайда әкелемін. Бүгін кірпіш күйдіру жұмысын тәмамдадым. Атқарған еңбегімнің нәтижесін көзбен көру – үлкен қуаныш. Мен өз жұмысымды сүйіп істеймін, – дейді ол.

Жазасын өтеушілер үшін еңбек – тек күнкөріс көзі ғана емес, сонымен қатар бостандыққа бастар жол.

Тегеран Түркия, Әзербайжан мен Кипрге жасалған шабуылдарға қатысты мәлімдеме жасады

Иран қарулы күштері Кипр, Түркия және Әзербайжанға шабуыл жасаған жоқ. Бұл туралы брифинг барысында Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Исмаил Бағаи мәлімдеді.

Воспитанник досугового центра «Барыс» стал серебряным призёром турнира ASKHATOV OPEN

Воспитанник досугового центра «Барыс» Избакиев Тимур завоевал серебряную медаль...

Қазақстандықтар енді зейнетақы жинағын тіс емдеуге қолдана алмайды

Денсаулық сақтау министрлігі 2021 жылғы 15 ақпандағы "Емделу үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" бұйрыққа өзгеріс енгізіп жатыр. Бұл өзгерісте зейнетақы жинағын тіс емдеуге пайдалануға тыйым салу көзделеді.

Қазақстан Парламентінің болашағы туралы

Президент бір палаталы Парламентке көшу мәселесін талқылауды ұсынды. Бұл...