Қыркүйектен бастап мұғалімдер мен оқушыларды қандай өзгерістер күтіп тұр? 

2026 жылғы 12 маусымда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев педагог мәртебесі, білім беру, денсаулық сақтау және бала құқықтарын қорғау мәселелері бойынша заңға қол қойды. Құжат ресми жарияланған күннен кейін 60 күн өткен соң күшіне енеді. Демек, жаңа нормалардың басым бөлігі алдағы оқу жылында қолданыла бастайды. BAQ.KZ тілшісі заңдағы оқушылар, ата-аналар және мұғалімдер үшін маңызды өзгерістерді саралап шықты.

Мұғалімдер оқушы үшін қашан жауап береді?

«Педагог мәртебесі туралы» заңға жаңа норма енгізілді.

Құжатқа сәйкес, педагог пен білім беру ұйымының басшысы оқушылармен немесе тәрбиеленушілермен болған оқыс оқиғалар үшін тек кәсіби қызметін атқару кезеңінде ғана жауапты болады.

Заңның жаңа редакциясында былай делінген.

«Педагог және (немесе) білім беру ұйымының басшысы білім алушылармен және тәрбиеленушілермен болған оқиғалар үшін тек өзінің кәсіби қызметін жүзеге асыру кезеңінде, оның ішінде білім беру қызметіне байланысты лауазымдық міндеттерін орындау барысында ғана жауапты болады» деп көрсетілген.

Бұл норма мұғалімдердің жауапкершілік шегін нақтылауға бағытталған.

Мектептерде телефон қолданудың жаңа ережесі енгізіледі

Заңға сәйкес, Білім саласындағы уәкілетті орган оқушылардың мектептерде ұялы телефон пайдалану тәртібін бекітеді.

Құжатта:

«Орта білім беру ұйымдарында білім алушылар мен тәрбиеленушілердің ұялы байланыс құрылғыларын пайдалану қағидалары әзірленіп, бекітіледі» деген норма енгізілген.

Бұл талаптың нақты қалай жұмыс істейтіні кейін арнайы қағидаларда айқындалады.

Ата-аналардың жауапкершілігі күшейтілді

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодекске енгізілген түзетулерге сәйкес, ата-аналардың міндеттері кеңейтілді.

Бұған дейін ата-аналар баланы тәрбиелеу мен дамытуға жауапты болса, енді олардың жауапкершілігіне баланың:

  • денсаулығы;
  • өмірі;
  • қауіпсіздігі

де тікелей енгізілді.

Оқушылар мұғалімнің құқығын құрметтеуге міндетті

«Білім туралы» заңға енгізілген өзгеріске сәйкес, білім алушылардың міндеттері толықтырылды.

Енді оқушылар:

«Педагогтің заңмен белгіленген құқықтары мен заңды мүдделерін құрметтеуге» міндетті болады.

Бұл талап мектептегі тәртіп пен педагог мәртебесін күшейтуге бағытталған.

Олимпиада жеңімпаздарына қосымша қолдау көрсетіледі

Заңда республикалық және өңірлік деңгейдегі олимпиада, ғылыми жоба, кәсіби шеберлік және шығармашылық байқаулар жеңімпаздарының халықаралық жарыстарға қатысуын қаржыландыру тетіктері де қарастырылған.

Енді мемлекет республикалық және өңірлік жеңімпаздардың халықаралық деңгейдегі білім, ғылым және кәсіби шеберлік сайыстарына қатысуына қолдау көрсетеді.

Заң қашан күшіне енеді?

Құжаттың қорытынды бабына сәйкес, заң алғаш ресми жарияланған күннен бастап 60 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сондықтан жаңа нормалардың басым бөлігі 2026-2027 оқу жылының басында күшіне енеді және мектептер мен білім беру ұйымдарының жұмысына тікелей әсер етеді.

Балқашқа үш жылда 40 млрд текше метр су келді: Көлдің қазіргі жағдайы қандай? 

Соңғы үш жылда Балқашқа шамамен 40 млрд текше метр су жіберілді. Көл деңгейі қазір қандай межеде және оны 2040 жылға дейін сақтау үшін не істеліп жатыр?

Елімізде күн қайта жылынады 

27–29 қазан аралығында Қазақстан аумағындағы ауа райын ауқымды антициклон қалыптастырады. «Қазгидромет» синоптиктері күннің жылынатынын болжады.

Мәслихатты сайлауға қатысатын үміткерлерге қанша қаражат бөлінетіні айтылды

29 қарашада өтетін мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысатын үміткерлердің сайлауалды үгітіне мемлекет бюджетінен қаражат бөлінеді.

Рафаэль Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкері қызметінен кетті

Рафаэль Уразбахтин Алматының «Қайрат» футбол клубының бас бапкері қызметінен өз еркімен кетті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты.Ақорда резиденциясының...