ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ

Тараз қаласындағы Судьялар одағының XI спартакиадасының салтанатты ашылу рәсіміне келген командалардың облыстық және оларға теңестірілген соттардың төрағалары, облыстың мемлекеттік және құқық қорғау органдарының бірінші басшылары қатысты. «Ж.Үшкемпіров атындағы Тараз-Арена» спорт кешенінде командалық және жеке біріншілікке таласуға Оңтүстік аймақтардың – Алматы, Шымкент қалаларының, Алматы, Түркістан, Жамбыл және Жетісу облыстарының судьялары жиналды. Жамбыл облыстық сотының төрағасы Ербол Ахметжанов, Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы Лесбек Ілебаев және сот жүйесінің ардагері Серік Байбатыров іс-шараны аша отырып, спартакиадаға қатысушыларға сәттілік пен жеңіс тілеп, судьялар корпусының арасында спорт пен салауатты өмір салтына деген оң көзқарас қалыптасып жатқанын атап өтті. Спартакиада судьялар үшін өз қабілеттерін көрсетумен ғана шектелмей, сонымен қатар басқа аймақтардағы әріптестерімен тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін маңызды іс-шараның бірі болды. Жарыс барысында қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, спорттық рухты және жеңіске деген ұмтылысты көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша: Жалпы командалық есепте 1 орынды – Алматы қаласының командасы; 2 орынды – Жетісу облысының командасы; 3 орынды – Түркістан облысының командасы иеленді. Жүлделі орындарға ие болған спорт командалары мен жеке біріншілік ойындары бойынша, сондай-ақ ойындарда ерекшеленген қатысушылар грамоталармен, кубоктармен және медальдармен марапатталды.
Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ
Ақтөбе қаласындағы «Жекпе-жек» спорт кешенінде судьялар арасындағы дәстүрлі өңірлік ХІ спартакиадасы өтті. Ауқымды спорттық іс-шараға батыс өңірінен – Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Ақтөбе облыстық соттарының командалары қатысып, 200-ге жуық судья-спортшылар бас қосты. Спартакиаданың салтанатты ашылу рәсіміне Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров, Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Айдар Смағұлов, сондай-ақ өңірдің мемлекеттік және құқық қорғау органдарының бірінші басшылары қатысты. Салтанатты жиында сөз сөйлеген облыс әкімі Асхат Шахаров пен Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Айдар Смағұлов бұл спартакиаданың басты мақсаты – судьялар арасындағы салауатты өмір салтын насихаттап, серіктестік пен достық байланыстарды нығайту екенін атап өтті. Ашылу рәсімінен кейін қатысушылар мен қонақтарға арнайы концерттік бағдарлама ұсынылды. Жарыстар қызықты да тартысты өтті. Екі күндік жарыстың нәтижесі бойынша жалпы командалық сынақтың жеңімпаздары анықталды.

ЖЕҢІМПАЗДАР МЕН ЖҮЛДЕГЕРЛЕР
Шағын футбол бойынша: 3 орын – Ақтөбе облысының командасы 2 орын – Батыс Қазақстан облысының командасы 1 орын – Атырау облысының командасы Үздік қақпашы – Хабаров Жанат (Атырау облысы) Үздік қорғаушы – Иманғалиев Асылбек (Батыс Қазақстан облысы) Үздік шабуылшы – Ахметов Әлібек (Ақтөбе облысы) Волейбол ойыны бойынша: 3 орын – Ақтөбе облысының командасы 2 орын – Қызылорда облысының командасы 1 орын – Маңғыстау облысының командасы Үздік ойыншы – Ақбұлатов Асхат (Маңғыстау облысы) Үздік қорғаушы – Тұңғышбаев Исағали (Қызылорда облысы) Үздік байланыстырушы – Балмұханов Айсұлтан (Ақтөбе облысы) Арқан тарту бойынша: 3 орын – Атырау облысының командасы 2 орын – Ақтөбе облысының командасы 1 орын – Маңғыстау облысының командасы Үздік ойыншы – Примашев Нұрсапа (Маңғыстау облысы) Бильярд ойыны бойынша: 3 орын – Смағұлов Айдар (Ақтөбе облысы) 2 орын – Пәрменов Мұхтар (Атырау облысы) 1 орын – Бекжанов Жанат (Қызылорда облысы) Үздік партия – Смағұлов Айдар (Ақтөбе облысы) Темірбаев Тұрар (Қызылорда облысы) Үлкен теннис бойынша: 3 орын – Нағашыбаев Мейрамбек (Атырау облысы) 2 орын – Сматов Исатай (Маңғыстау облысы) 1 орын – Ормаханов Нұрлыбек (Ақтөбе облысы) Ең техникалық ойыншы – Утешев Қайрат (Батыс Қазақстан облысы) Үстел теннисі бойынша (ерлер арасынан): 3 орын – Утеев Берік (Маңғыстау облысы) 2 орын – Тулеев Ербол (Ақтөбе облысы) 1 орын – Еламанов Нұрлан (Қызылорда облысы) Ең техникалық ойыншы – Маликов Марат (Батыс Қазақстан облысы) Үстел теннисі бойынша (әйелдер арасынан): 3 орын – Тиштикбаева Гульнара (Қызылорда облысы) 2 орын – Ерсенова Хатима (Батыс Қазақстан облысы) 1 орын – Бисенова Ләззат (Ақтөбе облысы) Ең техникалық ойыншы – Абугалиева Самал (Атырау облысы) Шахмат ойыны бойынша (ерлер арасынан): 3 орын – Жақсылық Жасұлан (Атырау облысы) 2 орын – Муканов Аслан (Ақтөбе облысы) 1 орын – Қырықбаев Ғизатолла (Батыс Қазақстан облысы) Үздік партия – Бозшагулов Қаржау (Маңғыстау облысы) Шахмат ойыны бойынша (әйелдер арасынан): 3 орын – Мырзатаева Гүлжан (Қызылорда облысы) 2 орын – Байназарова Замира (Атырау облысы) 1 орын – Жангирова Бахитгул (Батыс Қазақстан облысы) Үздік партия – Шоқанова Бекзат (Маңғыстау облысы) Шарипова Мария (Ақтөбе облысы) Дойбы ойыны бойынша (әйелдер арасынан): 3 орын – Жангирова Бахитгул (Батыс Қазақстан облысы) 2 орын – Абылайқызы Зәбира (Қызылорда облысы) 1 орын – Досмагамбетова Айтжан (Атырау облысы) Үздік партия – Избасарова Гулмира (Ақтөбе облысы) Дойбы ойыны бойынша (ерлер арасынан): 3 орын – Бекетаев Нұржан (Қызылорда облысы) 2 орын – Дәуренбеков Айбек (Ақтөбе облысы) 1 орын – Басырбаев Берік (Батыс Қазақстан облысы) Үздік партия – Құспанов Әділ (Атырау облысы) Тоғызқұмалақ ойыны бойынша (әйелдер арасынан): 3 орын – Мутиева Гулжиян (Атырау облысы) 2 орын – Махамбетова Сұлушаш (Ақтөбе облысы) 1 орын — Ақтулиева Айгүл (Маңғыстау облысы) Үздік партия – Махамбетова Сұлушаш (Ақтөбе облысы) Тоғызқұмалақ ойыны бойынша (ерлер арасынан): 3 орын – Сабираддинов Абай (Мағыстау облысы) 2 орын – Тілеп Талант (Қызылорда облысы) 1 орын – Нұрниязов Бек (Ақтөбе облысы) Үздік партия – Нұрғалиев Әлібек (Батыс Қазақстан облысы) Жалпы командалық есеп бойынша: 3 орын – Қызылорда облысының командасы 2 орын – Атырау облысының командасы 1 орын – Ақтөбе облысының командасы Спартакиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері салтанатты түрде марапатталып, оларға ҚР Судьялар одағының медальдары мен дипломдары табысталды. Қызықты әрі тартысқа толы екі күндік жарыс қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй мен жарқын әсер сыйлады. Ақтөбе облыстық сотының ұжымы келген қонақтарды жылы қарсы алып, зор құрметпен шығарды.
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызмет

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ
Көкшетау қаласында өткен Судьялар одағының XI спартакиадасының ашылу салтанатында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, КР Жоғарғы Сотының алқа төрағасы Нұрсерік Шәріпов, ҚР Судьялар одағының төрағасы Досжан Әмір, Ақмола облыстық сотының төрағасы Арман Жүкенов құттықтау сөздерімен қатысушыларды қарсы алды. Алты команда жарысқа түсті. Олар: ҚР Жоғарғы Соты, Әскери соты, Астана қаласының, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының соттары.

Спартакиаданың жабылу салтанатында келесі жүлдегерлер марапатталды.
Шағынфутболдан 1 орын – Астана қаласы соттары, 2 орын – Қостанай облысы соттары, 3 орын – Ақмола облысының соттары. «Үздік қақпашы» Естай Сұлтан (Қостанай). «Үздік қорғаушы» Ерлан Жанәділов (Ақмола). «Үздік шабуылшы» СейфоллаТасымбетов (Астана). «Ең әдемі гол» Ілияс Кәкім (Ақмола). «Жеңіске деген жігері үшін» Зафарбек Куниязов (СҚО). Волейболдан 1 орын – Астана қаласы, 2 орын – СҚО, 3 орын – Қостанай облысы.«Үздік ойыншы» Серікжан Ғабдулин (СҚО), «Үздік доп беруші» Хасан Рахматулин (Әскери сот), «Үздік қорғаушы» Ерлан Тасыров (Астана), «Ең әдемі блок» Әскербек Жакулин (Ақмола). Арқан тартудан 1 орын – СҚО, 3 орын – Ақмола облысы, 2 орын – Астана қаласы. «Үздік ойыншы» Жарқынбек Есназаров (Ақмола), «Төзімділігі үшін» Еркін Шәріпбеков (Әскери сот), «Көрермен қөзайымы» Ибрагим Дезиев (Қостанай). Шахматтан ерлер арасында 1 орын – Дихан Алиасқаров (Әскери сот), 2 орын – Расул Қарағаев (Астана), 3 орын – Ұлан Әбдірахманов (СҚО). «Үздік партия» Арыстанбек Стыбаев (Жоғарғы Сот). Шахматтан әйелдер арасында 1 орын – Айжан Күлбаева (Астана), 2 орын – Нағима Насырова (Қостанай), 3 орын – Зарина Рахметова (Әскери сот). «Үздік партия» Дихан Алиасқаров (СҚО). «Ең үздік комбинация» Айжан Күлбаева (Астана). «Үздік шабуыл» Ұлан Әбдірахманов (СҚО). Дойбы бойынша ерлер арасында 1 орын – Асқаржан Кенжеғарин (Жоғарғы Сот), 2 орын – Берік Сатбаев (Астана), 3 орын – Дихан Алиасқаров (Әскери сот). Дойбы әйелдер арасында 1 орын – Динара Мұстафина (Астана), 2 орын – Әсел Досымова (Қостанай), 3 орын – Қымбат Исенова (Ақмола). «Үздік партия» Берік Сатбаев (Астана), Әсел Досымова (Қостанай).
«Ең жарқын жеңіс» Динара Мұстафина (Астана). «Үздік дебют» Асқаржан Кенжеғарин (Жоғарғы Сот). Тоғызқұмалақтан ерлер арасында 1 орын – Жолдыбай Метаев (Қостанай), 2 орын – Қанат Тобағалиұлы (Астана), 3 орын – Азамат Әшімов (СҚО). Тоғызқұмалақтан әйелдер арасында 1 орын – Зарина Рахметова (Әскери сот), 2 орын – Әсел Досымова (Қостанай), 3 орын – Лейла Зинашева (Астана). «Үздік ойыншы» Асқарбек Жүнісбеков (Әскери сот), Дариға Оспанова (Ақмола). Үлкен теннистен 1 орын – Бақытқазы Ордабаев (Қостанай), 2 орын – Мақсат Сембин (Астана), 3 орын – Берік Нажмиденов (Жоғарғы Сот). «Ең техникалық ойыншы» Берік Нажмиденов (Жоғарғы Сот). «Үздік пас шебері» Бақытқазы Ордабаев (Қостанай). «Үздік қабылдау шебері» Мақсат Сембин (Астана). Үстел теннисі ерлер арасында 1 орын – Нұрлан Нұрсапинов (Астана), 2 орын – Нұрман Айгелов (Қостанай), 3 орын – Герман Нұрбаев (Жоғарғы Сот). Үстел теннисі әйелдер арасында 1 орын – Наталья Бурбаева (Қостанай), 2 орын – Ризагүл Жұмәділова (Астана), 3 орын – Әсел Оразова (Әскери сот). «Ең техникалық ойыншы» Денис Шипп (Жоғарғы Сот), «Сейітова Сағдат (Ақмола). «Үздік жеткізуші шебері» Ерлан Ыбырайымов (Әскери сот). «Үздік қабылдау шебері» Ғосман Рақымжанов (Ақмола). Бильярдтан 1 орын – Жоғарғы Сот, 2 орын – Қостанай облысы, 3 орын – СҚО. «Үздік партия» Нұрсерік Шәріпов (Жоғарғы Сот). «Ең әдемі соғылған шар» Досжан Әмір (Жоғарғы Сот). «Шебер қол» (Серғазин Мақсат (Қостанай). Сонымен қатар, үлкен теннис ойынына Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов қатысып, өз шеберлігін көрсетті. Белсенді қатысушы үлкен теннистен 1-орынға ие болған Қостанай облысы соттарының отставкадағы судьясы Бақытқазы Ордабаев ерекше ойын көрсетіп, барлық қатысушыларға үлгі болды.
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі