ҚАЖ қызметкерлері Ауған соғысының ардагерімен кездесті

Абай облысында қауіпсіздігі ең төмен мекеме қызметкерлері ауруханадан шыққан Ауған соғысының ардагеріне барды.

Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күні ардагер операциядан кейін ауруханада емделіп жатқан болатын. Операциядан кейін ардагер үй-жайында емделуді жалғастырған. Мекеме қызметкерлері оған келіп, денсаулық жағдайы туралы сұрап, әңгімелесіп, тезірек толық сауығып кетуін тіледі. Сондай-ақ, қонақтар ардагерге қызметі үшін және патриоттық дәстүрлерді сақтауға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. Нұрғалиев Мұрат 1983 жылдан 1985 жылға дейін Пути Хумри жолындағы колонналарды күзету және еріп жүру қызметі зводында әскери борышын өтеген. Отанына оралғаннан кейін ардагер ҚР ІІМ — нің қылмыстық-атқару жүйесінде қызмет етті. Ол майор атағымен интендантты шаруашылық бөлімінің бастығы қызметінен зейнеткерлік демалысқа шықты. Ардагермен кездесу әскери борышын абыроймен орындаған және бүгінде жас ұрпақ үшін батылдық пен табандылықтың үлгісі болып қала беретін адамға көңіл бөлу мен қолдаудың белгісі болды.
Ардагер қонақтарды жылы қарсы алып, қызмет туралы естеліктерімен бөлісті.
Біздерді ұмытпай назар салып отыратындарыңыз үшін алғысым шексіз. Біз ардагерлер үшін назар мен қолдауды сезіну өте маңызды. Мұндай кездесулер күш береді және біздің жұмысымыз бен қызметіміз бекер болмағанын еске салады, — деді ол.
Мекеме басшылығы ардагерлерге қамқорлық жасау мекеме жұмысының маңызды бөлігі екенін атап өтті.
Біз ардагерлерді қолдау және оларға назар аудару біздің міндетіміз деп санаймыз. Бұл адамдар күрделі сынақтардан өтіп, бізге батылдықты, жауапкершілік пен парызға адалдықты үйретеді, — деп атап өтті мекеме бастығының орынбасары Рүстем Берлібеков.
Кездесу барысында қатысушылар жастарды патриоттық тәрбиелеу мәселелерін және интернационалист жауынгерлердің подігі туралы есте сақтаудың маңыздылығын талқылады.
Мұндай кездесулер мекеме қызметкерлері үшін жақсы дәстүрге айналды. Олар ардагерлерге ризашылық білдіріп қана қоймай, ұрпақтар арасындағы тығыз байланысты сақтауға мүмкіндік береді.

Сотрудники УИС навестили ветерана Афганской войны после его выздоровления

В области Абай сотрудники учреждения минимальной безопасности навестили ветерана...

Милосердие в месяц Рамазан: сотрудники ДУИС по области Абай оказали помощь многодетной семье

В священный месяц Рамазан, который символизирует милосердие, сострадание и...

Свобода, которую нельзя заменить

В колониях минимальной безопасности особое значение имеют дни, когда...

Еркіндіктің орны бөлек

Ең төменгі қауіпсіздік мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар үшін...

Абай облысы ҚАЖ әйел қызметкерлері 8 наурыз қарсаңында марапатталды

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі...