Қазақстандықтар енді зейнетақы жинағын тіс емдеуге қолдана алмайды

Денсаулық сақтау министрлігі 2021 жылғы 15 ақпандағы «Емделу үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» бұйрыққа өзгеріс енгізіп жатыр. Бұл өзгерісте зейнетақы жинағын тіс емдеуге пайдалануға тыйым салу көзделеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Жобада тіс протездеу және имплантация сияқты стоматологиялық қызметтерге біржолғы зейнетақы төлемін пайдалану нормасын алып тастау көзделген. Бұл шешім медициналық құжаттарды қолдан жасау және зейнетақы жинағын мақсатсыз пайдалану көп кездесуіне байланысты қабылданды», — деп жазылған құжат жобасында.

Айта кетейік, 15 қыркүйектен бастап 2026 жылғы 15 сәуірге дейін enpf-otbasy.kz платформасында тіс емдеуге өтініш қабылдау уақытша тоқтатылды.

«2021 жылдан 2025 жылғы 20 тамызға дейін Отбасы банкінің enpf-otbasy.kz платформасы арқылы тек «Стоматологиялық қызметтер» бағыты бойынша 757 млрд теңгеге 795 424 транзакция жасалған. Соның 222,61 млрд теңгесі ТОП-20 стоматологиялық клиникаға түскен. Бұл клиникалардың жартысы Атырауда, қалғандары Алматы мен Астанада орналасқан», — деп жазылған хабарламада.

Бұған дейінгі жағдай

«Отбасы банк» тіс емдеуге өтініш беру кезінде БЖЗҚ қаражатын мақсатсыз пайдалану және құжаттарды қолдан жасау деректері анықталғанын мәлімдеді.

Осы мәселеге байланысты бірқатар жиын өткізіліп, нәтижесінде 15 қыркүйектен бастап 2026 жылғы 15 сәуірге дейін enpf-otbasy.kz платформасында тіс емдеуге өтініш қабылдау уақытша тоқтатылды.

Артынша Атырау облысында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан қаражатты заңсыз алуға жәрдем көрсеткен 5 қылмыстық топтың әрекеті әшкереленді.

Тегеран Түркия, Әзербайжан мен Кипрге жасалған шабуылдарға қатысты мәлімдеме жасады

Иран қарулы күштері Кипр, Түркия және Әзербайжанға шабуыл жасаған жоқ. Бұл туралы брифинг барысында Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Исмаил Бағаи мәлімдеді.

Воспитанник досугового центра «Барыс» стал серебряным призёром турнира ASKHATOV OPEN

Воспитанник досугового центра «Барыс» Избакиев Тимур завоевал серебряную медаль...

Қазақстан Парламентінің болашағы туралы

Президент бір палаталы Парламентке көшу мәселесін талқылауды ұсынды. Бұл...

Жануарларға жауапкершілікпен қарайық!

Ит пен мысық сияқты үй жануарлары мен қар барысы,...