Қазақстандықтар 2026 жылы қанша күн демалады?

2026 жылы қазақстандықтарды бірнеше ұзақ демалыс күтіп тұр. Әсіресе мамыр, шілде және қазанда қатарынан бірнеше күн демалуға мүмкіндік бар, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Мамыр: үш мереке және Құрбан айт

Мамырда демалыс күндері көп болады. Бес күндік жұмыс аптасы бойынша бұл айда 14 демалыс және 17 жұмыс күні бар.

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні. Бұл күн жұмаға сәйкес келгендіктен, қазақстандықтар 1, 2 және 3 мамырда қатарынан үш күн демалды.

7 мамыр — Отан қорғаушылар күні. Бұл — апта ортасындағы бір күндік демалыс.

9 мамыр — Жеңіс күні. Мереке сенбіге түскендіктен, демалыс 11 мамырға ауыстырылады.

Бес күндік жұмыс аптасындағылар 9, 10 және 11 мамырда қатарынан үш күн демалады. Ал алты күндік жұмыс кестесінде 11 мамыр жұмыс күні болып қалады.

27 мамыр — Құрбан айттың алғашқы күні. Бұл күн де демалыс болып саналады.

Мамырдағы кәсіби және өзге де мерекелер:

17 мамыр — Байланыс қызметкерлері күні;
20 мамыр — Метрология қызметкерлері күні;
21 мамыр — Мәдениет және өнер қызметкерлері күні;
31 мамыр — Химия өнеркәсібі қызметкерлері күні.

Маусым

Маусымда мемлекеттік мерекелер жоқ. Дегенмен бұл айда бірқатар кәсіби және атаулы күндер бар:

1 маусым — Балаларды қорғау күні;
5 маусым — Эколог күні;
7 маусым — Монополияға қарсы орган қызметкерлері күні;
9 маусым — Мемлекеттік органдардың арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің әскери қызметшісі мен қызметкері күні;
14 маусым — Жеңіл өнеркәсіп қызметкерлері күні және Малшылар күні;
21 маусым — Медицина қызметкері күні;
23 маусым — Полиция күні және Мемлекеттік қызметшілер күні;
24 маусым — Судья және сот қызметкерлері күні;
28 маусым — Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні.

Шілде: Астана күні

6 шілде — Астана күні. Мереке дүйсенбіге сәйкес келеді. Сондықтан бес күндік жұмыс аптасындағы азаматтар 4, 5 және 6 шілде күндері қатарынан үш күн демалады.

Шілдедегі кәсіби мерекелер:

2 шілде — Дипломатиялық қызмет күні;
5 шілде — Теңіз және өзен көлігі қызметкерлері күні;
7 шілде — Қолөнершілер күні;
9 шілде — Су шаруашылығы қызметкерлері күні және Табиғи монополиялар саласы қызметкерлері күні;
10 шілде — Ветеринариялық қызметкер күні;
12 шілде — Балық шаруашылығы қызметкерлері күні;
13 шілде — ҚР Ұлттық қауіпсіздік органдары күні;
14 шілде — Нотариат күні;
19 шілде — Металлургтер күні;
26 шілде — Сауда қызметкерлері күні.

Тамыз

Еңбек министрлігінің мәліметінше, тамыз айының соңында қосымша демалыс болмайды. Бұған дейін Қазақстанда Конституция күні 30 тамызда атап өтілетін. Алайда жаңа Конституция қабылданғаннан кейін бұл күн мемлекеттік мерекелер күнтізбесінен алынды.

Енді Қазақстанда жаңа Конституция күні ретінде 15 наурыз белгіленген. Бұл — қазақстандықтар Конституция жобасына дауыс берген күн.

Тамыздағы кәсіби мерекелер:

2 тамыз — Теміржол көлігі қызметкерлері күні;
9 тамыз — Құрылысшылар күні;
18 тамыз — Шекарашылар күні;
30 тамыз — Кеншілер күні.

Қыркүйек

Қыркүйекте мерекелік демалыс жоқ, ай толық жұмыс режимінде өтеді.

Қыркүйектегі кәсіби мерекелер:

5 қыркүйек — Аңшылық шаруашылығы қызметкері күні;
6 қыркүйек — Мұнай-газ кешені қызметкерлері күні;
13 қыркүйек — Бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика саласы қызметкерлерінің күні;
15 қыркүйек — Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет қызметкерінің күні;
27 қыркүйек — Машина жасаушылар күні;
28 қыркүйек — Атом саласы қызметкерлерінің күні;
30 қыркүйек — Әділет органдары қызметкерлерінің күні.

Қазан: Республика күні

25 қазан — Республика күні. Мереке жексенбіге сәйкес келгендіктен, 26 қазан, дүйсенбі де демалыс болады.

Бес күндік жұмыс аптасындағылар 24, 25 және 26 қазан күндері қатарынан үш күн демалады. Ал алты күндік жұмыс аптасында 24 қазан жұмыс күні, 25 және 26 қазан демалыс болады.

Қазан айындағы кәсіби мерекелер:

1 қазан — Жоғары білім беру қызметкерлерінің күні;
2 қазан — Техникалық және кәсіптік білім беру қызметкерлерінің күні;
5 қазан — Мұғалімдер күні;
6 қазан — Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлерінің күні;
10 қазан — Қазақстан кәсіптік одақтарының күні;
14 қазан — Стандарттау қызметкерлерінің күні;
18 қазан — Орман шаруашылығы қызметкерінің күні;
19 қазан — Құтқарушылар күні;
20 қазан — Қоғамдық тамақтандыру саласы қызметкерінің күні;
24 қазан — Кітапханашылар күні;
25 қазан — Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні, Автомобиль көлігі қызметкерлерінің күні және Автомобиль жолдары саласы қызметкерлерінің күні;
29 қазан — Күзет ұйымдары қызметкерлерінің күні және Кәсіпкерлер күні.

Қараша

Қарашада мерекелік демалыстар жоқ.

Қарашадағы кәсіби мерекелер:

5 қараша — Сыртқы барлау күні;
8 қараша — Статистика күні;
10 қараша — Цифрландыру қызметкерлерінің күні, Бухгалтерлер мен аудиторлар күні;
15 қараша — ҚР Қаржы жүйесі қызметкерлерінің күні;
15 қараша — Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күні;
18 қараша — Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарының күні;
21 қараша — Бұрғылаушылар күні.

Желтоқсан: Тәуелсіздік күні

16 желтоқсан — Тәуелсіздік күні. Бұл күн сәрсенбіге сәйкес келеді, сондықтан қазақстандықтарға апта ортасында бір күн демалыс беріледі.

Желтоқсан айындағы кәсіби мерекелер:

5 желтоқсан — Адвокатура күні;
6 желтоқсан — Прокуратура күні;
13 желтоқсан — Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің күні;
20 желтоқсан — Мемлекеттік фельдъегерлік қызмет күні;
22 желтоқсан — Энергетиктер күні және Архившілер күні.

Тауың шағылмасын, жас түлек! Өмiр мемлекеттiк грант алумен өлшенбейдi

Бүгін 2026–2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім грантының нəтижесі жарияланады. Абитуриенті бар əр отбасының көңілі алаң. Мемлекеттің дамып көркеюіне, өзінің білімінің тереңдеп, көзқарас пайымының кеңеюіне үлес қосуға ниетті сан мыңдаған түлектің үміттерін үкілейтін жыл сайынғы осы алаңдаулы сəт санаулы уақыттардан кейін артта қалып, анық жүйрік алға шығады.

Тойға заң керек пе: Қазақстандықтар бір жылда қанша қаржы жұмсайды? 

Қазақстанда той өткізу – жеке отбасының қуанышы. Алайда оның әлеуметтік және экономикалық салдары бір шаңырақтың шеңберінен әлдеқашан шығып кеткен.

Блогер Қайсар Қамза Вьетнамнан Қазақстанға экстрадицияланды 

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыруға жәрдемдесті деген күдікке ілінген азамат Вьетнамнан экстрадицияланды.

Экологиялық дабыл: Англиядағы су қоймаларының бәрі ластанған 

Мәліметке сәйкес, егер судағы қауіпті заттардың мөлшері белгіленген нормадан асып кетсе, су нысаны «жақсы химиялық жағдай» талаптарына сай деп есептелмейді.

Қазақстан көшіп баруға қолайлы Орталық Азиядағы ең үздік ел атанды 

Қазақстан Rumavi компаниясы жыл сайын әзірлейтін Global Relocation Index 2026 нұсқасы бойынша көшіп баруға қолайлы Орталық Азиядағы ең үздік ел атанды.