Қазақстандық десантшылар парадқа қатысу үшін Мәскеуге барды

Қазақстандық десантшылар парадқа қатысу үшін Мәскеуге барды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

9 мамырда Мәскеудегі парадқа Қазақстан Республикасының атынан Кеңес Одағының батыры генерал-майор Иван Панфилов атындағы 37-десанттық-шабуылдау бригадасының әскери қызметшілерінен құралған есептоп шығады.

Айта кетейік, 1941 жылы Волоколамск бағытында Мәскеуді ерлікпен қорғаған 316 атқыштар дивизиясының құрамында Панфилов жауынгерлері болды. Барлық жеке құрамның шайқастарда көрсеткен ерлігі, табандылығы, батылдығы мен жанқиярлығы үшін дивизия «Қызыл ту» орденімен марапатталып, «Гвардиялық» деген атақ берілді.

«Чкаловский әскери әуеайлағында қазақстандық десантшыларды Ресей Федерациясындағы Қазақстан Қорғаныс министрлігінің қорғаныс мәселелері жөніндегі атташесі генерал-лейтенант Талғат Қойбақов қарсы алды. Ол жауынгерлерге тарихи маңызы бар шарада елдің атынан абыроймен сап түзеп өтуіне тілектестік білдірді», — деп жазылған хабарламада.

Салтанатты лекті 37-ші десанттық-шабуылдау бригадасының командирі, екінші дәрежелі «Айбын» орденімен және «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталған полковник Алмас Төлегенов басқарады.

Парадтың есептобында 80 адам, оның ішінде 11 офицер, 24 келісімшарт бойынша әскери қызметші және 45 мерзімді қызметтің сарбазы бар.

37-ші десанттық-шабуылдау бригадасы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Жедел ден қою ұжымдық күштерінің құрамына кіреді. Бұл әскери құрылым жауынгерлік тұрғыда әркез дайын. Бейбіт уақытта ол төтенше жағдай режимінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, мемлекеттік шекараны күшейту, аса маңызды нысандарды күзету және қорғау, бөлімшелерді терроризмге қарсы операцияларда, табиғи және техногендік сипаттағы жағдайларда қолдану міндеттерін орындайды.

ОСК сайлау мен референдум болмаған кезде немен айналысады?

Қазақстанда жалпыреспубликалық сайлау мен референдум өтпейтін кезде Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) немен айналысады?

Оқушылар көктемгі каникулда қанша күн демалады?

Қазақстандық оқушылар 11 күн бойы көктемгі демалыста болады. Оғу-ағарту министрлігі мәліметінше, демалыс 19 наурызда басталып, 29 наурызға дейін созылады.

Қазақстанда тұрғын үй саудасы төмендеді 

2026 жылғы ақпан айында Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 27 421 мәміле тіркелді.

1 сәуірден бастап тағы бір өзгеріс енгізіледі

2026 жылғы 1 сәуірден бастап балаларға арналған демалыс және сауықтыру лагерьлері міндетті түрде лицензия алуы тиіс.

Автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жазаламайды — ІІМ түсініктеме берді

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жауапкершілікке тартатыны туралы ақпарат тараған еді. ҚР ІІМ ӘПК өкілдері бұл ақпараттың шындыққа сәйкес еместігін мәлімдеді.