Қазақстанда жыл басынан бері 69 бала суға батып қаза тапты 

Ішкі істер министрлігі ата-аналарды су айдындарында демалу кезінде балаларды қатаң бақылауда ұстауға шақырады, деп хабарлайды BAQ.KZтілшісі. 

Ведомствоның мәліметінше, жыл басынан бері елімізде шомылу орындарында (бассейн, өзен, көл) 69 бала қаза тапқан.

Құрметті ата-аналар! Ішкі істер министрлігі балалардың судағы қауіпсіздігіне ерекше назар аударады. Жыл басынан бері елімізде шомылу орындарында (бассейн, өзен, көл) 69 бала суға батып, көз жұмды. Қайғылы оқиғалардың басым бөлігі шомылуға рұқсат етілмеген және арнайы жабдықталмаған жерлерде тіркелді. Қауіпсіздік мақсатында тек арнайы жабдықталған жағажайда шомылыңыздар, балаларды су айдындарының маңында қараусыз қалдырмаңыздар, оларға бейтаныс жерлерде шомылудың қауіпті екенін түсіндіріңіздер, аптап ыстықтан кейін, бірден суық суға түспеңіздер. Тыйым салынған орындарда шомылғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын ескертеміз — дейді ІІМ профилактикалық жұмысты үйлестіру комитетінің төрағасы Арман Саданов. 

Сондай-ақ жыл басынан бері осы құқық бұзушылық үшін 2700-ден астам азамат жауапкершілікке тартылған.

Тоқаев Қарулы Күштерде маңызды ауыс-түйіс жасады: Құрлық әскерлерін кім басқарады? 

Мемлекет басшысының өкімімен Қуанышбек Өскенбайұлы Үштаев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы болып тағайындалды.

Алматыда Қала күніне арналған іс-шараларға 1 млн-нан астам тұрғын мен қонақ қатысты

Алматыда Қала күнін екі күн бойы мерекелеу аяқталды. 19 және 20 қыркүйекте қаланың негізгі алаңдарында және барлық сегіз ауданда концерттер, фестивальдер, көрмелер, спорттық және шығармашылық іс-шаралар өтті.

Ғалымдар Жердің пішіні өзгеріп жатқанын анықтады 

Грек ғалымы Жердің пішінінде елеулі геофизикалық өзгерістер болып жатқанын анықтады. Зерттеу нәтижесіне сәйкес, Жердің экватор маңындағы аймақтары біртіндеп төмендеп, полюстерге жақын өңірлер көтеріліп келеді.

Нейрожелілер даркнеттен қауіпті ме? Сарапшылар ЖИ-ге қандай ақпаратты жүктемеу керегін айтты 

Даркнет әлі де бар және ақпаратпен жасырын алмасуға арналған алаң ретінде пайдаланылып келеді.

Бүгін еліміздің тоғыз қаласында ауа ластанады 

Қазақстанның тоғыз қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.