Қазақстанда жемқорлардың туыстарының мүлкін тәркілеу ұсынылды

Қазақстанда жемқорлардың туыстары мүліктің заңды жолмен алынғанын дәлелдей алмаған жағдайда тәркілеу ұсынылды. «Кеңейтілген тәркілеу» деп аталатын бұл норманы енгізуді Мәжіліс депутаты Марат Башимов ұсынып Бас прокурор Берік Асыловқа ресми хат жолдады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Башимов Facebook парақшасында хабарлады.

«Жақында Мәжілісте ақшаны заңсыз жолмен жылыстатуға қарсы маңызды заң жобасы бірінші оқылымға шығарылады. Мен оған халықаралық FATF (Ақшаны жылыстатуға қарсы қаржы шараларын әзірлеу тобы – ред.) ұйымы ұсынған 100-ден астам түзету мен құқықтық норма енгіздім. «Кеңейтілген тәркілеу» институты – еліміз үшін аса маңызды. Өйткені мұндай көлемде ұрлық әлемде еш жерде болмаған. Сол себепті мен Бас прокурор Берік Асыловқа бұл бастаманы қолдауын сұрап хат жаздым», – деді депутат.

Башимовтың айтуынша, көптеген елдердің заңнамасына FATF ұсынған нормалар әлдеқашан енгізілген, ал Қазақстанда бұл үдерісті «әртүрлі мүдделі топтар, әсіресе олигархтар» әдейі тежеген.

«Қазіргі таңда бұл норма болмағандықтан, активтерді үшінші тұлғалардың атына жазу арқылы қылмыстық жауапкершіліктен жалтарып кету жиілеген. Сотталған адам «отырғанмен», оның үшінші адамдарға, туыстарына, көңілдестеріне аударылған мүлкі тәркіленбейді.Ертең сол мүлік пен ақшаға ол қайтадан жайлы өмір сүруі мүмкін», – деп түсіндірді депутат.

Кеңейтілген тәркілеу деген не?

Бұл норма адамның мүлікті қандай жолмен иеленгенін түсіндіре алмаған жағдайда ғана қолданылады.

«Ұсынылып отырған механизм мынадай: қылмыстық іс аясында тергеу басталған тұлға қалған мүлкінің заңды жолмен алынғанын дәлелдеуі тиіс. Егер дәлелдей алмаса – ол мүлік тәркіленеді», – деді Марат Башимов.

Айта кетейік, өткен жылдың күзінде Қазақстанда алғаш рет «түсініксіз байлық» бойынша сот шешімі орындалған еді. Азаматтан заңды жолмен алынғаны дәлелденбеген 10 миллион доллардан астам қаражат тәркіленген. Сонымен қатар, жуырда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік қай өңірлерде пара алу мен беру деректері жиі кездесетінін хабарлады.

ОСК сайлау мен референдум болмаған кезде немен айналысады?

Қазақстанда жалпыреспубликалық сайлау мен референдум өтпейтін кезде Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) немен айналысады?

Оқушылар көктемгі каникулда қанша күн демалады?

Қазақстандық оқушылар 11 күн бойы көктемгі демалыста болады. Оғу-ағарту министрлігі мәліметінше, демалыс 19 наурызда басталып, 29 наурызға дейін созылады.

Қазақстанда тұрғын үй саудасы төмендеді 

2026 жылғы ақпан айында Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 27 421 мәміле тіркелді.

1 сәуірден бастап тағы бір өзгеріс енгізіледі

2026 жылғы 1 сәуірден бастап балаларға арналған демалыс және сауықтыру лагерьлері міндетті түрде лицензия алуы тиіс.

Автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жазаламайды — ІІМ түсініктеме берді

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жауапкершілікке тартатыны туралы ақпарат тараған еді. ҚР ІІМ ӘПК өкілдері бұл ақпараттың шындыққа сәйкес еместігін мәлімдеді.