Қазақстанда жедел жәрдем қызметі жаңа тәртіппен жұмыс істейді

Қазақстанда жедел жәрдем көрсету қағидаларына енгізілген өзгерістер күшіне енді. Енді науқастар жедел жәрдем көлігінің қай жерде келе жатқанын бақылай алады. Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Жаңашылдықтар шақыртуларды шұғыл деңгейіне қарай бөлуге, медицина қызметкерлерінің жабдықталуына және арнайы көліктердің қозғалысын геолокация арқылы бақылауға қатысты.

Бұдан былай шақыртудың төртінші санаты “шұғыл жағдай” деп аталады. Бұл санатқа науқастың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төнбейтін жағдайлар жатады.
Сонымен қатар жедел жәрдем бригадасының науқасқа жету уақыты өзгеріссіз қалады. Бірінші санаттағы шақыртуға медицина қызметкерлері 10 минутқа дейін, екінші санатқа 15 минутқа дейін, үшінші санатқа 30 минутқа дейін, ал шұғыл жағдайларға 60 минутқа дейін жетуі тиіс.

Бұдан бөлек, жедел жәрдем дәрігерлері бейнетіркегіш жетондармен жабдықталады.
Ал Ақтөбе мен Шымкентте жедел жәрдем көліктерінің қозғалысын нақты уақыт режимінде бақылау жүйесі сынақтан өтіп жатыр. Ол такси қызметтеріндегі көлікті картадан бақылау жүйесі сияқты жұмыс істейді. Алдағы уақытта жобаны Қазақстанның басқа өңірлерінде де енгізу жоспарланып отыр.

Между угрозой и трагедией 

УБИЙСТВА ЖЕНЩИН, СОВЕРШЕННЫЕ СУПРУГАМИ, СТАВЯТ ВОПРОС О ТОМ, НАСКОЛЬКО ЭФФЕКТИВНО В КАЗАХСТАНЕ РАБОТАЕТ СИСТЕМА ПРЕДУПРЕЖДЕНИЯ СЕМЕЙНО-БЫТОВОГО НАСИЛИЯ. ЗАКОНОДАТЕЛЬСТВО УЖЕСТОЧАЕТСЯ, ПОЛИЦИЯ ВЫНОСИТ ТЫСЯЧИ ЗАЩИТНЫХ ПРЕДПИСАНИЙ, ОДНАКО ТРАГЕДИИ ПРОДОЛЖАЮТСЯ. ДЕПУТАТЫ ПРЕДЛАГАЮТ НОВЫЕ СПОСОБЫ ВМЕШАТЕЛЬСТВА НА РАННЕЙ СТАДИИ – КОГДА УГРОЗЫ И ПРЕСЛЕДОВАНИЕ ЕЩЕ МОЖНО ОСТАНОВИТЬ.

Елімізде жүк көліктері үшін жол ақысы өзгеруі мүмкін 

Қазақстанда коммерциялық жүк көліктерінің жол ақысын төлеу жүйесін жетілдіру мәселесі қарастырылып жатыр.

Қандас мәртебесін алғысы келетіндер нені білуі керек? 

Қазақстанға көшуді жоспарлаған этникалық қазақ қандас мәртебесіне өтініш беруді неден бастайды? Биылғы пилоттық тәртіп бойынша алдымен қазақ тілінен тест тапсырып, сауалнама толтыру және әңгімелесуден өту қажет.

Мұнай бағасы апта қорытындысы бойынша күрт арзандауы мүмкін 

Brent маркалы мұнай бағасы бір аптада шамамен 12%-ға төмендеуі ықтимал.

Су тапшылығы: Қазақстанға қауіп бар ма? 

Қазақстанда су тапшылығы қаупі қаншалықты жоғары және алдағы жылдары елді қандай жағдай күтіп тұр?