Қазақстанда жан басына шаққандағы орташа табыс 252 мың теңгеден асты 

Қазақстанда халықтың нақты ақшалай табысы соңғы бір жылда алғаш рет оң өсім көрсетті. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі Ұлттық статистика бюросының 2026 жылдың бірінші тоқсаны бойынша деректеріне сүйене отырып хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы үш айында халықтың нақты ақшалай табысы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,1 пайызға артқан. Ал жан басына шаққандағы орташа номиналды ақшалай табыс айына 252 619 теңгені құрап, бір жыл ішінде 11,8 пайызға өсті.

Министрлік мұндай нәтижеге инфляцияның біртіндеп баяулауы ықпал еткенін атап өтті. Биыл маусым айында жылдық инфляция деңгейі 10,3 пайызға дейін төмендеген.

Халық табысының негізгі бөлігін жалдамалы жұмыстан түсетін кіріс құрайды. Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша орташа айлық номиналды жалақы 9,1 пайызға өсті. Жалақының ең жоғары өсімі ауыл шаруашылығы (20,3%), қаржы және сақтандыру қызметі (18,1%), өңдеу өнеркәсібі (14%) және көлік пен қоймалау (12,9%) салаларында тіркелді.

Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, мұнай емес сектордағы еңбекақының өсуі өндірісті дамытуға, еңбек өнімділігін арттыруға және жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.

Ведомство халықтың нақты табысын арттыру Үкіметтің негізгі басымдықтарының бірі болып қала беретінін атап өтті. Бұл бағытта ең төменгі жалақыны кезең-кезеңімен көтеру, еңбек өнімділігін арттыру, кәсіпкерлікті қолдау және жоғары қосылған құны бар өндірістерді дамыту бойынша кешенді шаралар жүзеге асырылып жатыр.

Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы болып сайланды 

Құрылтай отырысында Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы лауазымына сайланды.

Құрылтайдың жөні бөлек болары анық – Қасым-Жомарт Тоқаев 

Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясы барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай ұғымының маңызына тоқталды.

Құрылтайдың ең алғашқы отырысы ашылды 

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясы ашылды

Қазақстанда вице-президент пайда болды: Жаңа лауазым не өзгертеді? 

Вице-президенттің міндеті тек өкілдікпен шектеле ме? Жаңа Конституцияда бұл қызметке қандай өкілеттік берілгені және билік сабақтастығы қалай реттелгені белгілі.

7 қыркүйектен кейін қазақстандықтар зейнетақысын өздері басқара алады: Нені білу керек? 

7 қыркүйектен бастап жеке басқаруға беруге болатын зейнетақы жинақтарының ең жоғары үлесі 50%-дан 100%-ға дейін ұлғаяды.