Қазақстанда жаңа заң бойынша қандай несиелер кешіріле бастайды?

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов заңнамаға ұсынылып отырған өзгерістерді айтты. Соның арқасында қазақстандықтардың алаяқтардың кесірінен ұрынған несиелері есептен шығарылуы мүмкін, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бүгін Мәжіліс депутаттары екінші оқылымда қаржы нарығын дамыту және қаржылық қызмет бойынша тұтынушылардың құқығын қорғау мәселелері бойынша заңды қабылдады.

Олжас Қизатовтың сөзінше, қолданыстағы нормада алаяқтық қарыздарды тек сот шешімі бойынша есептен шығару көзделеді, бұл көбіне зардап шеккендердің өз құқығын қорғау мүмкіндігін шектейді. Заң жобасы аясында сотқа дейін есептен шығару бойынша жаңа өзгерістер ұсынылған. Жаңа талаптардың ішінде банктен немесе микроқаржы ұйымдарынан алғашқы несиені алу кезінде клиенттің міндетті түрде өзі қатысуы, сондай-ақ, 24 сағатқа «салқындату» кезеңін енгізу бар. Яғни осы уақыт ішінде қарыз алушы алған несиесінен бас тарта алады.

«Сондай-ақ, азаматтардың кейбір санаттарына қосымша талаптар белгіленеді, яғни кредит беруге қосымша келісім алу қажет. Бұл талаптар бұзылса, банктер немесе микроқаржы ұйымдары несиелерді сотқа дейін есептен шығаруы керек. Заң жобасы аясында банктер немесе МҚҰ тарапынан биометриялық сәйкестендіру рәсімін бұзуға жол берілсе, антифрод-орталықтың талаптары сақтамалмаса, сот тәртібімен есептен шығару негіздері қосымша кеңейтіледі», — деді ол.

Агенттік өкілінің сөзінше, мұндай жайттар сотта дәлелденсе, банктер мен МҚҰ несиені есептен шығаруға міндетті болады.

«Заң жобасы аясында банктер мен микроқаржы ұйымдары үшін сотқа дейінгі есептен шығару бойынша жаңа талаптар енгізіліп жатыр», — деп түйіндеді ол.

ОСК сайлау мен референдум болмаған кезде немен айналысады?

Қазақстанда жалпыреспубликалық сайлау мен референдум өтпейтін кезде Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) немен айналысады?

Оқушылар көктемгі каникулда қанша күн демалады?

Қазақстандық оқушылар 11 күн бойы көктемгі демалыста болады. Оғу-ағарту министрлігі мәліметінше, демалыс 19 наурызда басталып, 29 наурызға дейін созылады.

Қазақстанда тұрғын үй саудасы төмендеді 

2026 жылғы ақпан айында Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 27 421 мәміле тіркелді.

1 сәуірден бастап тағы бір өзгеріс енгізіледі

2026 жылғы 1 сәуірден бастап балаларға арналған демалыс және сауықтыру лагерьлері міндетті түрде лицензия алуы тиіс.

Автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жазаламайды — ІІМ түсініктеме берді

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жауапкершілікке тартатыны туралы ақпарат тараған еді. ҚР ІІМ ӘПК өкілдері бұл ақпараттың шындыққа сәйкес еместігін мәлімдеді.