Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақылар өседі ме – Еңбек министрі жауап берді

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова қазақстандықтарға зейнетақы мен әлеуметтік төлемдердің қашан өсетіні жөнінде сұраққа жауап берді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта мемлекет өзіне алған барлық әлеуметтік міндеттемелерді орындап отыр.

«(Екінші жартыжылдықта – ред.) қосымша өсім болмайды. Индексация жылдың басында өтті, 1 қаңтардан бастап барлық азаматтар арттырылған мөлшерде төлем алып жатыр», – деді Жақыпова.

Келесі өсім қашан болатынын біз нақтылап сұрадық. 

«Келесі рет төлемдер 2026 жылы өседі. 2025 жылдың екінші жартысында әзірге өсім қарастырылып отырған жоқ», – деп жауап берді министр.

Автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жазаламайды — ІІМ түсініктеме берді

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жауапкершілікке тартатыны туралы ақпарат тараған еді. ҚР ІІМ ӘПК өкілдері бұл ақпараттың шындыққа сәйкес еместігін мәлімдеді.

Елімізге көптен күткен көктемгі жылу қашан келеді?

Бұл сұраққа Қазгидромет синоптиктері жауап берді.

Мұнайдың қымбаттауы Қазақстан бюджетіне қалай әсер етеді?

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мұнай бағасының қымбаттауынан Қазақстанға түсетін қосымша пайда туралы сұраққа жауап берді.

Ораза айт — 2026: қай күні тойланады және мерекенің мәні неде?

Ораза айт – мұсылмандар үшін маңызды мерекелердің бірі. Бұл күн қасиетті Рамазан айының аяқталуын білдіреді және бір ай бойы ұстаған оразаның қорытындысы саналады.

Салық кодексі тағы өзгереді: үкіметте қандай түзетулер талқыланып жатыр?

Үкіметте Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсе жұмысының алдын ала қорытындысы қаралды.