Қазақстанда кімдер айына миллионнан аса жалақы алады?

Ұлттық статистика бюросы 2025 жылғы бірінші тоқсан бойынша Қазақстандағы қызметкерлердің саны мен жалақысы туралы деректі жариялады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ең жоғары жалақы — 1 434 506 теңге, бұл қаржы қызметтері мен сақтандыру саласындағы қосалқы қызметпен айналысатындарға берілген.

Компьютерлік бағдарламалау, кеңес беру және басқа да қосымша қызмет саласында жұмыс істейтіндер 1 329 063 теңге алған.

Жылжымайтын мүлік сатумен айналысатындар бірінші тоқсанда 1 248 068 теңге тапқан.

Басқару мәселелері бойынша кеңес беретіндерге 1 176 893 теңге жалақы төленген.

Миллионнан жоғары жалақы мына салаларда да тіркелді:

  • Құбыр көлігімен тасымалдау қызметі (1 055 692 теңге),
  • Сақтандыру, қайта сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру (1 045 041 теңге),
  • Теңіз және жүк тасымалы қызметі (1 042 752 теңге),
  • Әуе жолаушылар көлігі қызметі (1 032 605 теңге),
  • Су көлігі қызметі (1 026 145 теңге),
  • Әуе көлігі қызметі (1 022 311 теңге).

ОСК сайлау мен референдум болмаған кезде немен айналысады?

Қазақстанда жалпыреспубликалық сайлау мен референдум өтпейтін кезде Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) немен айналысады?

Оқушылар көктемгі каникулда қанша күн демалады?

Қазақстандық оқушылар 11 күн бойы көктемгі демалыста болады. Оғу-ағарту министрлігі мәліметінше, демалыс 19 наурызда басталып, 29 наурызға дейін созылады.

Қазақстанда тұрғын үй саудасы төмендеді 

2026 жылғы ақпан айында Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 27 421 мәміле тіркелді.

1 сәуірден бастап тағы бір өзгеріс енгізіледі

2026 жылғы 1 сәуірден бастап балаларға арналған демалыс және сауықтыру лагерьлері міндетті түрде лицензия алуы тиіс.

Автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жазаламайды — ІІМ түсініктеме берді

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жауапкершілікке тартатыны туралы ақпарат тараған еді. ҚР ІІМ ӘПК өкілдері бұл ақпараттың шындыққа сәйкес еместігін мәлімдеді.