12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қазақстанда кене шағу жағдайы күрт көбейген

Шығыс Қазақстан облысында кене шаққаннан кейін ауруханаға жүгінгендер саны күрт өсті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жергілікті дәрігерлер көктемнің басынан бері осы қауіпті жәндіктердің бұрын-соңды болмаған белсенділігін тіркеген және зардап шеккендер саны өсіп бара жатыр.

Балаларға қауіп көп

24 наурыз бен 14 сәуір аралығында ШҚО облыстық Ана мен бала орталығына кене шақты деп шағымданған 65 бала жүгінген. Зардап шеккендердің жасы 3-тен 18 жасқа дейін. Өңірдің денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, мұндай көрсеткіш бірнеше жылдан бері болмаған.

Бір күнде ішінде, яғни 14 сәуірде жарақат бөлімінде 14 балаға көмек қажет болған. Кене энцефалитінің алдын алу үшін иммуноглобулинді 63 бала алған.

Өскемен тұрғыны Ирина Сазонова ойын алаңында серуендеп жүргенде жеті жасар ұлының мойнынан кенені байқағанын айтты. Ол бірден ұлын Ана мен бала орталығына апарған, онда жәндікті алып тастап, ал балаға қажет көмек көрсетілген.

Ересектер де зардап шегеді

8-14 сәуір аралығында ШҚО травматологиялық пункттеріне 104 ересек адам жүгінген. Оның ішінде 99 адам иммуноглобулиннің профилактикалық инъекциясын алған, үшеуі бас тартқан, бір науқас тым кеш келген. Дәрігерлер инъекцияны кене шаққаннан кейін 72 сағаттан кешіктірмей, алайда ертерек салған дұрыс екенін айтады. Бұл препараттың тиімділігін едәуір арттырады.

«Кененің мұндай белсенділігінің себебі — биылғы көктемнің жылы болуы», — деді Шығыс Қазақстанның облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілі.

Кене негізінен орманды және шөпті жерлерде, әсіресе, ШҚО-ның мына аудандарында белсенді: Өскемен және оның айналасы, Риддер, Глубокое ауданы, Катонқарағай ауданы, Ұлан және Шемонаиха аудандары, Алтай, Самар, Үлкен Нарын.

Поисково-спасательные работы продолжаются

В РАЙОНЕ СОРБУЛАКСКОГО ВОДОХРАНИЛИЩА АЛМАТИНСКОЙ ОБЛАСТИ ЧЕТВЕРТЫЕ СУТКИ ПРОДОЛЖАЕТСЯ ШИРОКОМАСШТАБНАЯ ПОИСКОВО-СПАСАТЕЛЬНАЯ ОПЕРАЦИЯ ПО ОБНАРУЖЕНИЮ ВОЕННОГО ВЕРТОЛЕТА EC-145, ПРИНАДЛЕЖАВШЕГО СИЛАМ ВОЗДУШНОЙ ОБОРОНЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН.

25 мыңнан аса қазақстандықтың жалақысы өседі

Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Ғылым және инновациялар департаментінің директоры Ләззат Жүсіпова мәлімдеді.

Қазақстандықтар тамызда қанша күн демалады?

Конституция күні - Қазақстанның басты мемлекеттік мерекелерінің бірі. Еліміздің ең басты әрі маңызды құжаты 1995 жылы 30 тамызда қабылданды. Сондықтан мереке жыл сайын 30 тамызда атап өтіледі.

Магистратурада оқуға 13 мыңнан астам грант бөлінді

Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің аралық қорытындылары белгілі болды. Тестілеу...

Мемлекеттік — жекешелік әріптестіктің берері мол

ҚАЗАҚСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІКТІ (МЖӘ) ДАМЫТУҒА БАРЫНША КӨҢІЛ БӨЛІНГЕН. ӨЙТКЕНІ, БҰЛ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУДА АЙРЫҚША МАҢЫЗҒА ИЕ. РЕСМИ МӘЛІМЕТТЕР ҚАЗІРГІ ТАҢДА ЕЛІМІЗДЕ ЖАЛПЫ ҚҰНЫ 1,2 ТРИЛЛИОН ТЕҢГЕ БОЛАТЫН 789 ЖОБАНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІКЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІК АЯСЫНДА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТҚАНЫН КӨРСЕТІП ОТЫР.