Қазақстанда кейбір жолдарға тарылту әдісі енгізілмек

Тасжолдарда жол апаты жиілеуіне байланысты ІІМ барлық жолға талдау жүргізіп, аса қауіпті учаскелерді анықтаған. Жолдың сол бөліктерінде жаңа тәсіл, яғни жолды тарылту әдісі енгізіліп жатыр, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол ЭЫДҰ елдері мен АҚШ-та қолданылады. ІІМ мәліметінше, мақсат — тексеру емес, қайғылы жағдайлардың алдын алу.

«Тарылған жолда жүргізуші жылдамдықты автоматты түрде төмендетіп, мұқият болады. Бұл — қауіпті аймақ арқылы қауіпсіз өтуге көмек. Полиция қызметкерлері көлік жүргізіп келе жатқан адамның шаршамағанына және жолды жалғастыра алатынына көз жеткізу үшін қысқаша профилактикалық әңгіме жүргізеді. Сонымен қатар, тәртіпті қамтамасыз ету үшін ІІМ дрондар мен жасырын патрульдеуді белсенді қолданады», — деп жазылған хабарламада.

ОСК сайлау мен референдум болмаған кезде немен айналысады?

Қазақстанда жалпыреспубликалық сайлау мен референдум өтпейтін кезде Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) немен айналысады?

Оқушылар көктемгі каникулда қанша күн демалады?

Қазақстандық оқушылар 11 күн бойы көктемгі демалыста болады. Оғу-ағарту министрлігі мәліметінше, демалыс 19 наурызда басталып, 29 наурызға дейін созылады.

Қазақстанда тұрғын үй саудасы төмендеді 

2026 жылғы ақпан айында Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 27 421 мәміле тіркелді.

1 сәуірден бастап тағы бір өзгеріс енгізіледі

2026 жылғы 1 сәуірден бастап балаларға арналған демалыс және сауықтыру лагерьлері міндетті түрде лицензия алуы тиіс.

Автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жазаламайды — ІІМ түсініктеме берді

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жауапкершілікке тартатыны туралы ақпарат тараған еді. ҚР ІІМ ӘПК өкілдері бұл ақпараттың шындыққа сәйкес еместігін мәлімдеді.