Қазақстанда кедейлер саны бір жылда 10%-ға артты

2026 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстан халқының 4,9%-ы немесе шамамен 1 миллион адам кедейлік шегінен төмен өмір сүрген, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,4 пайыздық тармаққа жоғары. Ал кедейлер саны бір жылда 10%-ға көбейген.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, табысы нақты күнкөріс минимумынан (64,2 мың теңге) төмен азаматтар 173 мың отбасын құрайды.

Өңірлер арасында кедейлік деңгейі ең жоғары көрсеткіш Түркістан облысында тіркелді – 8,5% (182 мың адам). Одан кейін Абай облысы – 7,6% (44,9 мың адам) және Маңғыстау облысы – 7,2% (60 мың адам). Әсіресе Маңғыстау облысында кедейлер саны бір жылда 31,5%-ға өскен.

Ең төмен көрсеткіш Астанада байқалды – 2,7% (44,5 мың адам). Одан кейін Қарағанды облысы – 2,8%, Атырау облысы – 3,5%. Алайда елордада да кедей тұрғындар саны бір жылда 34,8%-ға артқан.

Кедейлік шегінен төмен өмір сүретіндердің 77,5%-ы бес және одан көп адамнан тұратын көпбалалы отбасыларда тұрады. Бұл шамамен 788 мың адам.

Сондай-ақ елде 25,4 мың адамның айлық табысы азық-түлік қоржынының құнын да жаппайды. Олардың табысы 35,3 мың теңгеден төмен, ал мұндай азаматтардың саны бір жылда 1,5 есеге көбейген.

Қазақстанда жұмыссыз мәртебесін беру тәртібі өзгереді 

Қазақстанда жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу тетіктері жетілдіріліп жатыр. 1 қазаннан бастап жұмыссыз мәртебесін беру алдындағы қолайлы жұмыс іздеу мерзімі 2 күннен 13 күнге дейін ұзартылады.

Национальный стандарт чистоты

ЧИСТОТА ГОРОДСКОЙ СРЕДЫ ДОЛЖНА СТАТЬ НЕ РЕЗУЛЬТАТОМ ОТДЕЛЬНЫХ АКЦИЙ,...

Жол ережесін қайта-қайта бұзғандар куәлігінен бір жылға айырылуы мүмкін 

Қазақстанда жол ережесін бірнеше мәрте және өрескел бұзған жүргізушілердің куәлігін бір жылға тоқтатуды көздейтін баллдық жүйе пысықталып жатыр.

Елімізде декреттік демалысқа шығу ережесі өзгеруі мүмкін 

Қазақстанда ерлердің бала күтіміне байланысты демалысына қатысты өзгерістер талқыланып жатыр.