Қазақстанда фармацевтика өндірісі үш жылда 37%-ға өсті 

Қазақстанда отандық фармацевтика өндірісін ұлғайту, дәрі-дәрмек түрлерін кеңейту және импортқа тәуелділікті азайту бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Бұл шаралар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмалары аясында жүзеге асырылып жатыр.

Соңғы үш жылда қазақстандық фармацевтикалық кәсіпорындардың өндіріс көлемі 37%-ға өсіп, 191 млрд теңгеге жетті. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар өндірісі 126,6 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30%-ға артты.

Қазір елімізде 200-ден астам фармацевтикалық және медициналық өнім өндіруші жұмыс істейді. Оның 43-і дәрі-дәрмек шығарады. Отандық өнімнің үлесі заттай есептегенде 40,3%-ға жетіп, қазақстандық компаниялар дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың 3 мыңға жуық атауын тіркеген.

Салаға халықаралық компаниялар да инвестиция салуда. AstraZeneca, Pfizer және Roche Қазақстанда өндірісті локализациялау және технологиялар трансферті жобаларына қатысып жатыр. 2025 жылы фармацевтика өнеркәсібіне салынған инвестиция 56%-ға өсіп, $142,8 млн-ға жетті.

Сонымен қатар жалпы құны 391,3 млрд теңге болатын сегіз ірі фармацевтикалық жоба жүзеге асырылуда. Нәтижесінде онкологиялық, жүрек-қан тамырлары және инфекциялық ауруларды, сондай-ақ қант диабетін емдеуге арналған препараттарды қоса алғанда, 494-тен астам дәрілік зат өндірісін жолға қою жоспарланған. Жаңа кәсіпорындар Алматы, Шымкент қалаларында, Алматы және Қарағанды облыстарында ашылып, 1,2 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны құрылады.

Дәрі-дәрмектің халыққа қолжетімділігін арттыруға да басымдық беріліп отыр. Қазақстанда 10 мыңнан астам дәріхана ұйымы жұмыс істейді, оның 2,7 мыңға жуығы ауылдық жерлерде орналасқан. Шалғай елді мекендерде 11 жылжымалы дәріхана пункті қызмет көрсетеді.

Жоспарланған жобалар отандық дәрі-дәрмек өндірісін кеңейтіп, сыртқы жеткізілімдерге тәуелділікті төмендетуге және қажетті препараттардың халыққа қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

Қазақстанда ішкі туризм жеті жылда екі есе өсті – Туризм министрлігі 

Қазақстанда соңғы жеті жылда ішкі туристер саны 8,5 миллионға жетіп, мемлекеттік бюджетке 630 миллиард теңге табыс әкелді.

Елімізде тұмауға қарсы вакцинация басталды. Кімдерге тегін салады?

Вакцинация ең алдымен тұмауды жұқтыру немесе аурудың асқыну қаупі жоғары азаматтарды қамтиды. Екпе медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде тегін жасалады.

Жер сілкінісі, су тасқыны мен өрттен баспананы сақтандыру: Тұрғын үй иелері нені білуі керек? 

Жер сілкінісі, су тасқыны немесе өрт сияқты төтенше жағдайлар тұрғын үйге орасан шығын келтіруі мүмкін. Мұндай тәуекелдерден қорғанудың бір жолы – баспананы сақтандыру.

Қазан айында ауа райы қандай болады? – Синоптиктер болжамы 

«Қазгидромет» болжамы бойынша, елдің басым бөлігінде орташа айлық ауа температурасы климаттық нормадан 1-2 °C жоғары болады.

Алматыда көмір жағуға тыйым салынады: жаңа ереже қашан күшіне енеді?

Алматыда газ берілген аумақтардағы жеке үйлер мен моншаларда көмір, ағаш және басқа да қатты әрі сұйық отынды пайдалануға шектеу енгізіледі. Жаңа талап 2026 жылғы 30 желтоқсаннан бастап күшіне енеді.