Қазақстанда бензин бағасы төмендемейді — энергетика министрі

Әлемдік нарықта мұнай арзандап жатқанына қарамастан Қазақстанда жанармай бағасы төмендемейді. Бұл туралы өнергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Министр жанармай құны мен оны өндіретін шикізат бағасы арасында тікелей байланысты көрмейтінін айтты.

«Бүгінде елімізде халықаралық нарықпен ондай корреляция жоқ. Яғни мұнайдың бағасы қанша өзгерсе де – күн сайын, апта сайын, ай сайын – Қазақстанда бензин бағасы ішкі сұраныс пен ұсынысқа байланысты анықталады», – деді министр.

КТК телеарнасы мәліметінше, бұған дейін Ақкенженовтің алдындағы энергетика министрлері жанармай бағасы өсіп жатқан кезде, оның себебін көбінесе мұнай бағасының өсуімен түсіндірген болатын. Ол кезде жанармай бағасы мемлекет тарапынан реттеліп тұрған еді.

Сәуірдің басында Brent маркалы мұнай төрт жылдағы ең төменгі деңгейге жетіп, баррелі 63 долларға дейін түсті. 23 сәуірдегі мәлімет бойынша, бір баррель мұнайдың бағасы 66 доллар болған.

7 сәуірде АҚШ энергетика министрлігі Brent маркалы мұнайдың 2025 жылға арналған орташа бағасы туралы болжамын күрт төмендетіп, 74,2 доллардан 67,87 долларға дейін азайтты.

«АҚШ Энергетикалық ақпарат басқармасының» мәліметінше, 2025 жылы Brent маркалы мұнайдың орташа бағасы 68 доллар болады деп болжанған, ал 2026 жылы бұл көрсеткіш 61 долларға дейін төмендейді», – делінген олардың баспасөз хабарламасында.

ОСК сайлау мен референдум болмаған кезде немен айналысады?

Қазақстанда жалпыреспубликалық сайлау мен референдум өтпейтін кезде Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) немен айналысады?

Оқушылар көктемгі каникулда қанша күн демалады?

Қазақстандық оқушылар 11 күн бойы көктемгі демалыста болады. Оғу-ағарту министрлігі мәліметінше, демалыс 19 наурызда басталып, 29 наурызға дейін созылады.

Қазақстанда тұрғын үй саудасы төмендеді 

2026 жылғы ақпан айында Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 27 421 мәміле тіркелді.

1 сәуірден бастап тағы бір өзгеріс енгізіледі

2026 жылғы 1 сәуірден бастап балаларға арналған демалыс және сауықтыру лагерьлері міндетті түрде лицензия алуы тиіс.

Автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жазаламайды — ІІМ түсініктеме берді

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жауапкершілікке тартатыны туралы ақпарат тараған еді. ҚР ІІМ ӘПК өкілдері бұл ақпараттың шындыққа сәйкес еместігін мәлімдеді.