Қазақстанда ауа температурасы бойынша 71 жыл бұрынғы рекорд жаңарды

2026 жылғы маусымда Қазақстанда ауа температурасы бойынша бірнеше рекорд жаңарды. Соның ішінде ең «ескі» рекорд Павлодарда тіркелді, ол 71 жыл бойы бұзылмаған болатын, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазгидромет мәліметінше, маусымда Қазақстанның басым бөлігінде климаттық нормадан 1-5 градусқа ыстық болған. Күндізгі ауа температурасы аймақтардың көбінде +30…+38 градусты көрсетсе, елдің оңтүстігіндегі кейбір жерлерде +43 градусқа дейін жеткен. Синоптиктер мұндай ауа райын құрғақ тропикалық ауа массаларының әсерінен деп түсіндірді.

Сонымен қатар, Қазақстанның батысында керісінше жағдай байқалды. Атлантикалық циклон салдарынан мұнда күн суытып, жаңбыр жауды. Бірқатар ауданда жауын-шашын мөлшері климаттық нормадан 2-5 есе асып түсті.

Синоптиктердің дерегі бойынша 1 маусымда Павлодарда ауа температурасы +36,8 градусқа дейін көтеріліп, 1955 жылғы рекордты (+36,1 градус) жаңартқан.

Осы күні Алматыда да жаңа рекорд тіркелді. Ауа температурасы +34,5 градусқа жетіп, 1967 жылғы көрсеткіштен (+34,4 градус) асып түсті.

8 маусымда Астанада термометр бағаны +33,7 градусқа дейін көтерілді, бұл 2023 жылғы рекордтан (+33,6) жоғары болды.

29 маусымда елдің шығысында ауа температурасы бойынша максимум жаңарды. Семейде +38 градус тіркеліп, 1992 жылғы рекорд (+36,7) бұзылса, Өскеменде ауа температурасы +36,7 градусқа дейін жетіп, 1974 жылғы көрсеткіш (+36) жаңарды.

2027 жылдан бастап әлеуметтік төлемдер өседі 

Еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айырылғандарға төленетін әлеуметтік төлемдер 8,5%-ға өседі.

Алматы тауларында жоғалған Корея азаматы әлі табылмай жатыр

Алматы тауларында 28 қыркүйекте жоғалып кеткен Корея Республикасының 73 жастағы азаматы әлі іздестіріліп жатыр.

Пәтер, ипотека және бизнес: Неке шартын жасасу кезінде нені ескеру керек? 

Неке шарты – бұл жұбайларға мүлік, отбасылық шығындар және қаржылық міндеттемелер туралы алдын ала келісіп алуға көмектесетін маңызды құжат.

Реализация МЭКС: Канат Бозумбаев поручил привлечь больше банков к финансированию модернизации коммунальных сетей

В Алматы под председательством заместителя Премьер-министра Каната Бозумбаева состоялось...