Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек беру тәртібі өзгеруі мүмкін

Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек беру тәртібі өзгеруі мүмкін. Бұл өзгеріс жобасын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жариялады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Құжат 2025 жылғы 5 мамырға дейін жария талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында жарияланған.

«Жоба Мемлекет басшысының 2024 жылғы 7 ақпандағы ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында халыққа әлеуметтік көмек көрсету тетігін жетілдіру бойынша іс жүзінде мұқтаж азаматтардың жиынтық кірістері мен шығыстарын айқындауды ескере отырып шаралар қабылдауға қатысты берген тапсырмасын орындау шеңберінде әзірленді», — деп жазылған хабарламада.

Құжатқа сүйенсек, атаулы әлеуметтік көмекті алуға үміткерлер банк шоттары, банктегі қарыздары (ипотекалық қарыздардан басқа) және (немесе) микрокредиттер, жинақ салымдары, депозиттер бойынша шығыс операциялары туралы мәліметтерді ұсынуы қажет. Бұл мәліметтерге атаулы әлеуметтік көмекті алуға үміткердің келісімімен ғана қол жеткізуге болады.

Қазақстанда кімдерге АӘК беріледі?

Қазақстанда жан басына шаққандағы орташа айлық табысы кедейлік шегінен төмен азаматтарға (отбасыларға) атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) көзделген.

Ол Қазақстан халқының мына санаттарына тағайындалады:

  • ҚР азаматтары;
  • ҚР аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғалар;
  • босқындар;
  • қандастар.

Жан басына шаққандағы орташа табыс – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі. 

ОСК сайлау мен референдум болмаған кезде немен айналысады?

Қазақстанда жалпыреспубликалық сайлау мен референдум өтпейтін кезде Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) немен айналысады?

Оқушылар көктемгі каникулда қанша күн демалады?

Қазақстандық оқушылар 11 күн бойы көктемгі демалыста болады. Оғу-ағарту министрлігі мәліметінше, демалыс 19 наурызда басталып, 29 наурызға дейін созылады.

Қазақстанда тұрғын үй саудасы төмендеді 

2026 жылғы ақпан айында Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 27 421 мәміле тіркелді.

1 сәуірден бастап тағы бір өзгеріс енгізіледі

2026 жылғы 1 сәуірден бастап балаларға арналған демалыс және сауықтыру лагерьлері міндетті түрде лицензия алуы тиіс.

Автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жазаламайды — ІІМ түсініктеме берді

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жауапкершілікке тартатыны туралы ақпарат тараған еді. ҚР ІІМ ӘПК өкілдері бұл ақпараттың шындыққа сәйкес еместігін мәлімдеді.