Қазақстанда ақылы жолдар көбейеді

Көлік министрі Марат Қарабаев ақылы жолдар көбейетінін мәлімдеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, қазір ұзындығы 3,2 мың шақырым болатын 17 ақылы жол жұмыс істеп тұр, ал былтыр осы жолдардан 48 миллиард теңге жиналған.

«Биыл жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін ұзындығы 6,2 мың шақырым болатын тағы 29 учаскеде ақылы жол жүйесін енгізу жоспарланып отыр. Ақылы жолдардан жиналатын қаржы 100 миллиард теңгеден асады», – деді министр Сенаттағы Үкімет сағатында.

Қарабаевтың айтуынша, болашақта барлық жолды күтіп ұстау, техникалар сатып алу және алынған қарыздар бойынша пайыз мөлшерлемелерін өтеу мәселелері де осы жол жүру ақысынан түскен қаражат есебінен шешілуі мүмкін.

Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жазаламайды — ІІМ түсініктеме берді

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жауапкершілікке тартатыны туралы ақпарат тараған еді. ҚР ІІМ ӘПК өкілдері бұл ақпараттың шындыққа сәйкес еместігін мәлімдеді.

Елімізге көптен күткен көктемгі жылу қашан келеді?

Бұл сұраққа Қазгидромет синоптиктері жауап берді.

Мұнайдың қымбаттауы Қазақстан бюджетіне қалай әсер етеді?

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мұнай бағасының қымбаттауынан Қазақстанға түсетін қосымша пайда туралы сұраққа жауап берді.

Ораза айт — 2026: қай күні тойланады және мерекенің мәні неде?

Ораза айт – мұсылмандар үшін маңызды мерекелердің бірі. Бұл күн қасиетті Рамазан айының аяқталуын білдіреді және бір ай бойы ұстаған оразаның қорытындысы саналады.

Салық кодексі тағы өзгереді: үкіметте қандай түзетулер талқыланып жатыр?

Үкіметте Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсе жұмысының алдын ала қорытындысы қаралды.