Қазақстанда 66 мың адам банкрот деп танылды

Қазақстанда ресми банкрот деп танылған азаматтардың 250 млрд теңге қарызы есептен шығарылады. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасы Меруерт Сисембаева мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ведомство басшысы несие қарыздарын есептен шығаруға қанша адам үміт арта алатынына тоқталды. 

Соттан тыс банкроттық рәсімі туралы айтатын болсақ, бүгінгі күні шамамен 65 мың азамат банкрот деп танылды. Олар бойынша 132 млрд теңгеге жуық қарыз есептен шығарылуға жатады. Сот арқылы жүргізілетін банкроттық рәсімі бойынша да 632 адам банкрот деп танылды. Жалпы алғанда, екі рәсім бойынша 66 600 адам банкрот мәртебесін алды. Олар бойынша 250 млрд теңге көлеміндегі қарыз есептен шығарылады, – деді Меруерт Сисембаева.

Үшінші рәсім – төлем қабілетін қалпына келтіру тетігі 1118 азаматқа қатысты қолданылған.

Азаматқа төлем қабілетін қалпына келтіру жоспарын бекіту үшін екі ай уақыт беріледі. Қазіргі таңда 402 азамат бойынша мұндай жоспарлар бекітіп, олар кестеге сәйкес төлем жасай бастады, – деп түйіндеді спикер.

Оқушылар мектепте тегін тамақтанады: Бір балаға күніне қанша ақша бөлінеді? 

Қазақстанда 2023 жылдан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мектептерде тегін тамақтандырумен қамту ауқымы кеңейтілді. Қазіргі уақытта 1-4-сыныптарда оқитын 1,4 миллионнан астам бала және әлеуметтік осал санаттарға жататын 5-11-сыныптардың шамамен 230 мың оқушысы тегін тамақтанады.

1 қарашадан бастап Қазақстанда не өзгереді? 

Қараша айында Қазақстанда бірнеше маңызды өзгеріс күтіледі. Оқушылар күзгі демалыстан кейін мектепке оралады, мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық жалғасады.

Тоқаев 2027 жылды Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2027 жылды Қазақстанда Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялауды ұсынды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркия Республикасына ресми сапармен барды. Анкарадағы Этимесгут әуежайында Қазақстан Президентін Режеп Тайип Ердоғанның өзі қарсы алды.

Мемлекеттік көмек шынымен мұқтаждарға берілуге тиіс – Президент 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік көмекті шын мұқтаж азаматтарға бағыттап, әлеуметтік реформаларды мұқият сараптау қажеттігін айтты.