Қазақстанда 4 жаңа халықаралық рейс ашылды  

Қазақстанда 2026 жылы тағы 11 халықаралық әуе бағытын ашу немесе қайта іске қосу жоспарланып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Үкімет отырысында Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев айтты.

Министрдің айтуынша, отандық және шетелдік авиакомпаниялар Қазақстанның халықаралық бағыттарын көбейтіп жатыр.
Отандық және шетелдік авиокомпаниялар Қазақстанның халықаралық бағыттарын көбейтіп жатыр. 2026 жылы жаңа халықаралық бағыттарды ашу жалғасуда. Қазірдің өзінде 4 жаңа рейс ашылды (Алматы–Шанхай, Астана–Ереван, Атырау–Ташкент, және Ақтау–Ереван). Сонымен қатар, 2026 жылы тағы 11 халықаралық бағытты ашу немесе қайта іске қосу жоспарланып отыр, — дейді Көлік министрі.


Оның сөзінше, ішкі әуе рейстері Қазақстан аймақтарын байланыстыру үшін өте маңызды. Сауранбаев 2026 жылы әлеуметтік маңызы бар бағыттарды қолдауға 6,4 млрд теңге көзделгенін атап өтті.

2026 жылы 24 әлеуметтік маңызы бар бағытты қолдауға 6,4 млрд теңге көзделген. Сонымен бірге, туристік орындарды дамытуға қолдау көрсету өңірлік маршруттардың дамуына қосымша серпін береді. Ішкі тасымалдарды одан әрі дамыту үшін заңнамаға өзгерістер енгізу ұсынылады. Атап айтқанда, жергілікті органдарға облысаралық рейстерді өз есебінен субсидиялауға рұқсат беру. Сонымен қатар тұрақты рейстерге қосылған құн салығын алып тастау, — дейді Сауранбаев.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстандық авиакомпаниялардың паркіне тағы 6 ұшақ қосылатыны айтылды

Тоқаев Үкімет алдына жаңа міндеттер қойды: Президент Бектеновке не тапсырды? 

Мемлекет басшысы экономикалық өсім, мемлекеттік басқару және халықтың әл-ауқатына қатысты нақты тапсырмалар берді.

Олжас Бектенов Премьер-министр лауазымына тағайындалды 

Мемлекет басшысының Жарлығымен Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасының Премьер-министрі лауазымына тағайындалды.

Құрылтай Ерлан Кариннің Вице-президент қызметіне кандидатурасын мақұлдады 

Құрылтайдың жалпы отырысында Ерлан Қариннің кандидатурасын Құрылтайдың 141 депутаты...

ІІМ жаңа оқу жылы қарсаңында балалардың қауіпсіздік шараларын күшейтті 

7 мыңнан астам мектеп полицияның жедел басқару жүйесіне қосылған.