Қазақстанда «Құрылтай» есімді 10 адам бар 

Елімізде «Құрылтай» есімі мен оның әртүрлі нұсқалары өте сирек кездеседі. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылғы тамыздағы жағдай бойынша елде бұл есімді иеленген 10 азамат тіркелген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Олардың ішінде 6-ы – ер адам, 4-і – әйел. Бұл азаматтар «Құрылтай», «Кұрылтай», «Курултай» және «Курлтай» деген нұсқалар бойынша тіркелген.

Статистикалық деректерге сүйенсек, бұл есімді арқалағандардың ең көбі Шығыс Қазақстан облысында тұрады – 4 адам. Алматы қаласында 2 адам тіркелген болса, Абай, Жамбыл, Қарағанды және Маңғыстау облыстарында бір-бір азаматтан бар.

Сонымен қатар есім иелерінің жас ерекшелігі де әртүрлі:

  • 10 адамның бесеуі 65 жастан асқан. Олардың арасындағы ең үлкені – 80 жаста;
  • Қалған азаматтар 30-34, 50-54, 55-59 және 60-64 жас аралығындағы топтарға жатады.

Тоқаев Қарулы Күштерде маңызды ауыс-түйіс жасады: Құрлық әскерлерін кім басқарады? 

Мемлекет басшысының өкімімен Қуанышбек Өскенбайұлы Үштаев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы болып тағайындалды.

Алматыда Қала күніне арналған іс-шараларға 1 млн-нан астам тұрғын мен қонақ қатысты

Алматыда Қала күнін екі күн бойы мерекелеу аяқталды. 19 және 20 қыркүйекте қаланың негізгі алаңдарында және барлық сегіз ауданда концерттер, фестивальдер, көрмелер, спорттық және шығармашылық іс-шаралар өтті.

Ғалымдар Жердің пішіні өзгеріп жатқанын анықтады 

Грек ғалымы Жердің пішінінде елеулі геофизикалық өзгерістер болып жатқанын анықтады. Зерттеу нәтижесіне сәйкес, Жердің экватор маңындағы аймақтары біртіндеп төмендеп, полюстерге жақын өңірлер көтеріліп келеді.

Нейрожелілер даркнеттен қауіпті ме? Сарапшылар ЖИ-ге қандай ақпаратты жүктемеу керегін айтты 

Даркнет әлі де бар және ақпаратпен жасырын алмасуға арналған алаң ретінде пайдаланылып келеді.

Бүгін еліміздің тоғыз қаласында ауа ластанады 

Қазақстанның тоғыз қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.