Қазақстан көшіп баруға қолайлы Орталық Азиядағы ең үздік ел атанды 

Қазақстан Rumavi компаниясы жыл сайын әзірлейтін Global Relocation Index 2026 нұсқасы бойынша көшіп баруға қолайлы Орталық Азиядағы ең үздік ел атанды. Жалпы рейтингте еліміз 62,9 балл жинап, 192 мемлекеттің ішінде 77-орынға ие болды, ал өңір елдері арасында көш бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан қандай орынға ие болды?

Сарапшылар бағалау барысында төрт негізгі бағытты ескерді: қаржылық жағдайлар және салық салу, өмір сүру сапасы мен денсаулық сақтау, қауіпсіздік пен тұрақтылық, сондай-ақ көшіп бару мен бейімделу мүмкіндіктері.

Осы көрсеткіштер бойынша Қазақстан қаржылық жағдайлар үшін 79 балл, өмір сүру сапасы мен денсаулық сақтау үшін 60 балл, қауіпсіздік пен тұрақтылық үшін 60 балл, ал көшіп бару мен бейімделу жағдайлары үшін 51 балл жинады.

Өңірлік рейтингте Қазақстаннан кейін Өзбекстан (59,9), Қырғызстан (59,3), Тәжікстан (55,1) және Түрікменстан (52,3) орналасты. Әзербайжан 61,5 балл, Ресей – 58,9 балл, Қытай – 58,6 балл алды.

Қай елдер ең үздік атанды?

Жыл сайынғы Global Relocation Index 2026 – релокация үшін ең үздік елдердің рейтингі. Зерттеу барысында сарапшылар 192 ел мен аумақты 24 критерий бойынша бағалады. Олардың қатарында өмір сүру құны, қауіпсіздік деңгейі, денсаулық сақтау сапасы, салық жүйесінің тиімділігі, банктік инфрақұрылым және шетелдіктердің бейімделуіне арналған жағдайлар бар.

Зерттеу авторлары барлық көрсеткіштер төрт ірі блокқа біріктірілгенін атап өтті: қаржылық жағдайлар мен салық салу, өмір сүру сапасы мен денсаулық сақтау, қауіпсіздік пен тұрақтылық. Сондай-ақ көшіп бару және ары қарай қоныстану мүмкіндіктері. Әрбір көрсеткіш 0-ден 100-ге дейінгі бірыңғай шкалаға келтіріліп, содан кейін қорытынды рейтинг қалыптастырылды.

Жалпы есепте бірінші орынды Эстония иеленді. Ол 72,8 балл жинады. Rumavi мәліметінше, бұл ел дамыған банктік жүйесі, қолайлы іскерлік ортасы, баспананың қолжетімділігі және жасыл аймақтардың көптігі белгілеріне байланысты жоғары баға алды.

Сонымен қатар, зерттеушілер рейтинг көшбасшысының жалғыз айтарлықтай кемшілігі ретінде климатты бөле-жара атап өтеді. Климаттық жайлылық көрсеткіші бойынша Эстония суық әрі қараңғы қыстың кесірінен 100-ден тек 20 балл алды.

Екінші орынды Сингапур (72,6 балл), үшінші орынды Малайзия (72,0) иеленді. Үздік бес қатарға сондай-ақ Португалия (71,6) – және Тайвань (71,4) кірді.

Global Relocation Index 2026 нұсқасы бойынша көшіп баруға арналған ең үздік 10 елдің тізіміне мыналар енді:

  • Эстония;
  • Сингапур;
  • Малайзия;
  • Португалия;
  • Тайвань;
  • Литва;
  • Гонконг;
  • Сент-Китс және Невис;
  • Чехия;
  • Мальта.

Жалпы тізімнен бөлек, Rumavi тағы бес мамандандырылған рейтинг дайындады. Онда дәл сол 24 көрсеткішке көшу мақсатына байланысты әртүрлі салмақ берілді. Бөлек тізімдер отбасылар, зейнеткерлер, цифрлық көшпенділер, кәсіпкерлер және салық жүктемесі ерекше маңызды адамдар үшін жасалған.

Мәселен, Эстония отбасымен көшіп бару үшін ең үздік ел атанды, ал кәсіпкерлерге арналған санатта тек Сингапурға жол берді. Зерттеу авторлары зейнеткерлерге ең алдымен Малайзияға, ал цифрлық көшпенділерге Португалияға назар аударуды ұсынады.

Rumavi индекс тәуелсіз зерттеу болып табылатынын және коммерциялық мүдделерге байланысты еместігін баса айтты.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан әл-ауқат индексінде Орталық Азияның көшбасшысы атанды. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты.Ақорда резиденциясының...

Казахстан строит больше жилья на человека, чем ЕС и США

Политолог Андрей Чеботарев разобрал показатели развития Казахстана, которые Президент...

Цифровой контроль ради безопасности 

ДВЕ ТРАГЕДИИ – ГИБЕЛЬ 20-ЛЕТНЕЙ ДИЛЬНАЗ ЖУМАГУЛОВОЙ В ОБЛАСТИ АБАЙ И УБИЙСТВО ЖАЗИРЫ АДАУВОВОЙ В АСТАНЕ ВНОВЬ ПОСТАВИЛИ ВОПРОС О ТОМ, МОЖНО ЛИ ВЫЯВЛЯТЬ УГРОЗУ ДОМАШНЕГО НАСИЛИЯ ДО ТОГО, КАК СТАНОВИТСЯ ПОЗДНО. ДЕПУТАТЫ КУРУЛТАЯ ПРЕДЛАГАЮТ ЗАПУСТИТЬ ПИЛОТНЫЙ ПРОЕКТ «ЭЛЕКТРОННАЯ ЗОНА ЗАЩИТЫ», ОБЯЗАТЬ ПОЛИЦИЮ ДЕЙСТВОВАТЬ ПО ЕДИНОМУ АЛГОРИТМУ И В ЦИФРОВОМ ФОРМАТЕ ФИКСИРОВАТЬ КАЖДЫЙ СИГНАЛ ОБ ОПАСНОСТИ И РЕАКЦИЮ НА НЕГО.

Республика күні Алматыда қайда баруға болады? Мерекелік іс-шаралар тізімі

25 қазанда Алматыда Республика күніне орай концерттер, көрмелер, спорттық жарыстар мен танымдық іс-шаралар өтеді. Мерекелік бағдарламаға Мемлекеттік ту көтеру рәсімі, ашық аспан астындағы концерт және халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі кіреді.

1 қаңтарынан бастап еліміздегі барлық балабақша міндетті лицензиялаудан өтеді 

Жаңа талап аясында санитариялық жағдай, өрт қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйесі мен білім беру сапасы тексеріледі.