spot_img
spot_img

Қазақстан халқының бірлігі күні: 1 мамырда Алматыда қандай шаралар өтеді?

1 мамырда Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған ауқымды мереке өтеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Биыл мереке Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орайластырылып, «Бірлігі жарасқан Алматы» деген атпен өтеді. Негізгі іс-шаралар Республика сарайы алдындағы Абай алаңында сағат 10:30-дан 21:00-ге дейін өтеді. Кіру тегін.

11:00-ден 12:15-ке дейін бас сахнада еліміздің этникалық және мәдени әртүрлілігін таныстыратын қазақстандық орындаушылар мен шығармашылық ұжымдар өнер көрсетеді. Көрермендер вокалды және аспаптық шығармалар, халық және заманауи билер, сондай-ақ, түрлі мәдениетаралық попурриге куә болады.

Алматылықтар мен қала қонақтарына арнап L Duo дуэті, дарынды пианист Темірлан Бейсенбай (Ratovich), Diamond струнды триосы, дудукист Мейірман Абдрахманұлы, «Дервиши», «Made in KZ» топтары өнер көрсетеді, сондай-ақ, Башқұртстаннан келген Ay Yola тобы өздерінің танымал Homay композициясын орындайды. Күндізгі концерттік бағдарламаны Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева аяқтайды.

12:15-тен 16:00-ге дейін мерекелік концерт этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдарының өнерімен жалғасады. Көрермендер халық билерін, флешмобты, халық әндері мен этникалық музыкалық композицияларды тамашалайды.

Кешке Абай алаңында алматылықтарды және мегаполис қонақтарын Қазақстан эстрадасының жұлдыздарымен үлкен шоу-концерт күтіп тұр. Кештің басты жұлдызы — танымал әнші Айқын Төлепберген. Сонымен қатар, сахнаға әнімен көпшіліктің жүрегін жаулаған Бүркіт, Марсель, Думан Марат және Мархаба Сәби шығады. Көрермендерді қызық шоу-бағдарлама, жанды дыбыс және жарқын атмосфера күтеді. Басталуы — 19:00. Кіру тегін.

Сонымен қатар, Абай алаңында «Единство народа в фокусе» фотокөрмесі өтеді, онда келушілер Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихындағы сәулелі сәттерді көре алады.

Бұған қоса, 1 мамырда сағат 10:00-де Тұңғыш президент паркіндегі бірлік жарысы өтіп, оған 300 адам қатысады. Жарыс Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы мен Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған.

Мерекелік іс-шаралар Алматының барлық 8 ауданында өтеді, әлеуметтік жәрмеңкелер, спорттық турнирлер, абаттандыру акциялары мен қайырымдылық бастамалары жоспарланған.

Қала аудандарында қандай мерекелік іс-шаралар өтеді?

  • Әуезов ауданында 30 сәуірде сағат 11:00-де Family park-та «Қазақстан – бірлік пен татулықтың мекені» атты этно-концерт өтеді;
  • Алатау ауданында мерекелік концерт 30 сәуірде сағат 15:00-де Инновациялық шығармашылық орталығында өтеді, мекенжайы: Нұркент шағынауданы, 14а;
  • Алмалы ауданында мерекелік концерт 1 мамырда сағат 12:00-де М.Ганди атындағы саябақта өтеді;
  • Бостандық ауданында 1 мамырда сағат 12:00-де «Атакент» ҚІЫО аркасы алдындағы алаңда мерекелік шара өтеді;
  • Жетісу ауданында 1 мамырда сағат 11:00-де Арбатта (Айнабұлақ шағынауданы) тұрғындар үшін мерекелік ойын-сауық шаралары ұйымдастырылады. 
  • Медеу ауданында 1 мамырда сағат 12:00-де Орталық мәдениет және демалыс паркінің ашық сахнасында мерекелік іс-шара өтеді;
  • Наурызбай ауданында мерекелік концерт 1 мамырда сағат 11:00-де амфитеатрда өтеді, мекенжайы: Шұғыла шағынауданы, 347;
  • Түрксіб ауданында мерекелік концерт 1 мамырда сағат 11:00-де №6 мектеп үйі аумағында өтеді, мекенжайы: Сейфуллин даңғылы, 13/1.

Мектеп оқушысы қалай тамақтанғаны дұрыс

Мектеп жасындағы балалар үшін дұрыс тамақтану – денсаулық пен табыстың маңызды кепілі екені белгілі. Өсіп-жетілу кезеңінде ағзаға жеткілікті және пайдалы қорек қажет.

Зейнетақы қалай есептеледі?

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өз қызметін Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі негізінде жүзеге асырады. Кодекстің ережелеріне сәйкес, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін зейнет жасына жеткен азаматтар алады.

10 қарашаға арналған ауа райы

"Қазгидромет" 10 қарашаға арналған ауа райының жалпы болжамын жариялады.

Алматыдағы тәрбиеленушілер өрттен кейін санаторийге орналастырылды

Алматыдағы "Перзент" балалар үйінде шыққан өрт кезінде мекемеде болған 35 тәрбиеленуші мен қызметкерлер уақытша сауықтыру санаторийіне орналастырылды.

Многоженство: традиция или стереотип? 

В КАЗАХСТАНЕ ВНОВЬ ВСПЫХНУЛИ ПУБЛИЧНЫЕ ДЕБАТЫ О ЛЕГАЛИЗАЦИИ МНОГОЖЕНСТВА...