Қазақстан еңбек нарығына жаңа мамандықтар қосылады

Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев елде ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істейтін мамандарды даярлау жүргізіліп жатқанын хабарлады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, бүгінде дефектолог, логопед, нейропсихолог, әлеуметтік педагог және басқа да мамандарға сұраныс жоғары. Арнайы білім беру саласындағы мамандарды еліміздегі 17 жоғары оқу орны дайындайды.

«2024–2025 оқу жылына мемлекеттік тапсырыс бойынша: бакалавриатқа – 656 грант, магистратураға – 150, докторантураға – 13 грант бөлінді», – делінген Көшербаевтың депутаттық сауалға жауабында.

Білім беру бағдарламаларының тізіліміне 62 бағдарлама енгізілген:

  • «Арнайы педагогика»,
  • «Арнайы педагогика: аутизм спектрі бұзылған балаларды сүйемелдеу (IP)»,
  • «Арнайы педагогика: тифлопедагогика»,
  • «Арнайы педагогика: инклюзивті білім беру»,
  • «Ерте қолдау педагогикасы (IP)»,
  • «Эргопедагогика (IP)» және т.б.

Сондай-ақ, арнайы білім берудің кәсіби стандартына жаңа мамандықтар қосылғаны хабарланды:

  • ерте қолдау көрсету педагогі,
  • эргопедагог,
  • қарым-қатынас және
    әлеуметтік өзара іс-әрекет бұзылыстары немесе қиындықтары бар балалармен
    жұмыс жөніндегі педагог,
  • психикалық дамуы тежелген және оқуда қиындықтары бар балалармен жұмыс жөніндегі педагог.

ОСК сайлау мен референдум болмаған кезде немен айналысады?

Қазақстанда жалпыреспубликалық сайлау мен референдум өтпейтін кезде Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) немен айналысады?

Оқушылар көктемгі каникулда қанша күн демалады?

Қазақстандық оқушылар 11 күн бойы көктемгі демалыста болады. Оғу-ағарту министрлігі мәліметінше, демалыс 19 наурызда басталып, 29 наурызға дейін созылады.

Қазақстанда тұрғын үй саудасы төмендеді 

2026 жылғы ақпан айында Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 27 421 мәміле тіркелді.

1 сәуірден бастап тағы бір өзгеріс енгізіледі

2026 жылғы 1 сәуірден бастап балаларға арналған демалыс және сауықтыру лагерьлері міндетті түрде лицензия алуы тиіс.

Автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жазаламайды — ІІМ түсініктеме берді

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жауапкершілікке тартатыны туралы ақпарат тараған еді. ҚР ІІМ ӘПК өкілдері бұл ақпараттың шындыққа сәйкес еместігін мәлімдеді.