Қазақстан бойынша бүгін құбылмалы ауа райы күтіледі

«Қазгидромет» РМК ақпаратына сәйкес, Павлодар, Қостанай, Алматы облыстарында және Алматы қаласында жаңбыр күтіледі. Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Абай және Ақмола облыстарында кей уақыттарда жауын-шашын болжанады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Алматы, Жамбыл, Жетісу, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарының таулы аудандарында кей жерлерде жаңбыр аралас қар күтіледі.

Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында желдің күшеюі күтіледі.

Қостанай, Қарағанды, Жетісу, Алматы және Жамбыл облыстарында кей жерлерде тұман болжанады.

Қазақстанда декреттегі әйелдің зейнетақы жарнасына аударылатын қосымша төлем тоқтайды. Бұл не білдіреді?

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекет бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем алатын әйелдер үшін қосымша зейнетақы жарнасын аударуды тоқтатады. Алайда бала күтіміне берілетін әлеуметтік төлем сақталады.

Енді жүргізуші куәлігін алу үшін теориялық емтиханды онлайн тапсыруға болады

Астанада жүргізуші куәлігін алуға үміткерлерге теориялық емтиханды онлайн тапсыру мүмкіндігі пайда болды. Енді тестілеуден өту үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына барудың қажеті жоқ.

2027 жылы Қазақстандағы жастар қандай бағдарламамен үй ала алады?

Қазақстанда жастарға баспана алуына мүмкіндік беретін бірнеше ипотека бағдарламаcы бар. Олардың жылдық мөлшерлемесі 5%-дан басталады.

Жаңа тарихи кезең – жаңа міндеттер: Тоқаев стратегиялық даму жөніндегі сараптама тобын құрды 

Президент жанындағы жаңа сараптама тобы елдің ұзақмерзімді даму басымдықтарын айқындап, стратегиялық бастамаларды талқылауға қатысады. Оның құрамына кімдер енді?

Алматыда әрбір үшінші жолаушы автобуста жолақысын төлемейді 

Алматыда автобустардың лық толуы қала тұрғындары жиі көтеретін мәселелердің бірі. Әлеуметтік желі қолданушылары қоғамдық көліктегі жолаушылардың бір бөлігі жолақысын төлемейтіндіктен, олардың нақты саны есепке алынбай қалуы мүмкін екенін айтып жүр. Тіпті бұл жағдай қала билігінің автобусқа деген сұранысты бағалауына әсер етуі ықтимал.