Қазақстан Үкіметі биыл отставкаға кетеді 

Қазақстан Үкіметі жаңа сайланған Құрылтай алдында өкілеттігін тоқтатады. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан Парламент палаталарының бірлескен отырысында мәлім болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Депутаттар бірінші оқылымда Президент туралы конституциялық заң жобасын қарап, мақұлдады. Құжатта вице-президенттің өкілеттігі де бекітіледі.

Құжатты талқылау барысында сенатор Бекболат Орынбеков жаңа Конституцияға сәйкес Үкімет жаңадан сайланған Құрылтай алдында өкілеттігін тоқтатуы тиіс екенін еске салды. Ол осыған ұқсас норма вице-президентке де, яғни жаңадан сайланған президент алдында өкілеттігін тоқтатуға қатысты қолданыла ма деген сұрақ қойды.

Конституцияға сәйкес Үкімет жаңадан сайланған Құрылтай алдында өкілеттігін тоқтатады. Сонымен қатар конституциялық заң жобасының 20-бабының 1-тармағына сәйкес, президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар басшыларының өкілеттігі жаңадан сайланған президент қызметіне кіріскен кезде тоқтатылады. Бірақ олар мемлекет басшысы жаңа басшыларды тағайындағанға дейін өз міндетін атқара береді. Осындай тетік елорда мен облыс әкімдеріне де қарастырылған. Осыған байланысты менде мынадай сұрақ бар: осы тетікті вице-президент лауазымына да, нақтырақ айтқанда, жаңадан сайланған президент қызметіне кіріскен кезде оның өкілеттігін тоқтатуға қолдануға болады деп есептейсіз бе? – деп сұрады Орынбеков Әділет министрінен.

Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев вице-президенттің жеке мемлекеттік органды басқармайтынын еске салды.

Вице-президент институтын енгізу жалпы алғанда тұрақты әрі жүйелі жұмысты қамтамасыз етеді. Вице-президент жеке мемлекеттік органды басқармайды, бірақ президенттің атынан әрекет етеді. Осыны ескере отырып, жаңадан сайланған президент алдында оның өкілеттігін тоқтатуды қажет деп санамаймыз, – деп жауап берді Сәрсембаев.

Еске салайық, 15 наурызда өткен республикалық референдумда қабылданған жаңа Конституция биылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді. Ал жаңа Құрылтай сайлауы (қазіргі Парламент) тамыз айында өтеді.

Жаңа Конституцияға сәйкес Үкімет жаңадан сайланған Құрылтай алдында өкілеттігін тоқтатады.

Оқушылар мектепте тегін тамақтанады: Бір балаға күніне қанша ақша бөлінеді? 

Қазақстанда 2023 жылдан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мектептерде тегін тамақтандырумен қамту ауқымы кеңейтілді. Қазіргі уақытта 1-4-сыныптарда оқитын 1,4 миллионнан астам бала және әлеуметтік осал санаттарға жататын 5-11-сыныптардың шамамен 230 мың оқушысы тегін тамақтанады.

1 қарашадан бастап Қазақстанда не өзгереді? 

Қараша айында Қазақстанда бірнеше маңызды өзгеріс күтіледі. Оқушылар күзгі демалыстан кейін мектепке оралады, мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық жалғасады.

Тоқаев 2027 жылды Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2027 жылды Қазақстанда Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялауды ұсынды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркия Республикасына ресми сапармен барды. Анкарадағы Этимесгут әуежайында Қазақстан Президентін Режеп Тайип Ердоғанның өзі қарсы алды.

Мемлекеттік көмек шынымен мұқтаждарға берілуге тиіс – Президент 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік көмекті шын мұқтаж азаматтарға бағыттап, әлеуметтік реформаларды мұқият сараптау қажеттігін айтты.