Қатты нөсер салдарынан Ыстамбұл көшелерін су басты 

Қолайсыз ауа райына байланысты қаладағы барлық білім беру мекемелерінде келесі күнгі сабақтар тоқтатылды.

Қатты нөсер Ыстамбұл көшелері мен тұрғын үйлерді су басуына себеп болды. Су ағыны көліктерді алып кетіп, кейбір жолдарда қозғалыс қиындады. 14 жастағы жасөспірім электр тогына түсіп, көз жұмды. Бұл туралы TRT Haberхабарлады.

Эйюпсултан ауданында жолдың бір бөлігі опырылды. Есенюрт ауданында су ағыны алып кеткен әйелді куәгерлер құтқарып қалды. Сарыер ауданында да су көліктерді алып кеткен.

Ыстамбұл губернаторы Давут Гүл тұрғындарды үйден себепсіз шықпауға, көлікпен жүруден бас тартуға және су басу қаупі бар аумақтардан аулақ болуға шақырды.

Қолайсыз ауа райына байланысты қаладағы барлық білім беру мекемелерінде келесі күнгі сабақтар тоқтатылды.

Между угрозой и трагедией 

УБИЙСТВА ЖЕНЩИН, СОВЕРШЕННЫЕ СУПРУГАМИ, СТАВЯТ ВОПРОС О ТОМ, НАСКОЛЬКО ЭФФЕКТИВНО В КАЗАХСТАНЕ РАБОТАЕТ СИСТЕМА ПРЕДУПРЕЖДЕНИЯ СЕМЕЙНО-БЫТОВОГО НАСИЛИЯ. ЗАКОНОДАТЕЛЬСТВО УЖЕСТОЧАЕТСЯ, ПОЛИЦИЯ ВЫНОСИТ ТЫСЯЧИ ЗАЩИТНЫХ ПРЕДПИСАНИЙ, ОДНАКО ТРАГЕДИИ ПРОДОЛЖАЮТСЯ. ДЕПУТАТЫ ПРЕДЛАГАЮТ НОВЫЕ СПОСОБЫ ВМЕШАТЕЛЬСТВА НА РАННЕЙ СТАДИИ – КОГДА УГРОЗЫ И ПРЕСЛЕДОВАНИЕ ЕЩЕ МОЖНО ОСТАНОВИТЬ.

Елімізде жүк көліктері үшін жол ақысы өзгеруі мүмкін 

Қазақстанда коммерциялық жүк көліктерінің жол ақысын төлеу жүйесін жетілдіру мәселесі қарастырылып жатыр.

Қандас мәртебесін алғысы келетіндер нені білуі керек? 

Қазақстанға көшуді жоспарлаған этникалық қазақ қандас мәртебесіне өтініш беруді неден бастайды? Биылғы пилоттық тәртіп бойынша алдымен қазақ тілінен тест тапсырып, сауалнама толтыру және әңгімелесуден өту қажет.

Мұнай бағасы апта қорытындысы бойынша күрт арзандауы мүмкін 

Brent маркалы мұнай бағасы бір аптада шамамен 12%-ға төмендеуі ықтимал.

Су тапшылығы: Қазақстанға қауіп бар ма? 

Қазақстанда су тапшылығы қаупі қаншалықты жоғары және алдағы жылдары елді қандай жағдай күтіп тұр?