Қайсар Қамза мен басқа блогерлерді заңсыз казино жарнамасына тартқан өзбекстандыққа іздеу жарияланды 

Қаржылық мониторинг агенттігі Өзбекстан азаматы, блогер Махмуд Хикматовқа халықаралық іздеу жариялады. Ол Қазақстанда заңсыз интернет-казиноларды жарнамалауға қатысы бар деген күдікке ілінген.

Қаржылық мониторинг агенттігі «Маха.dxb» бүркеншік атымен танымал, 2000 жылғы 19 ақпанда туған Өзбекстан азаматы Махмуд Умидович Хикматовқа халықаралық іздеу жариялады.

Сот күдіктіні қамауда ұстауға санкция берген.

Тергеу мәліметінше, Махмуд Хикматов «SultanGames», «PINCO», «Nomadcasino», «Pin-Up», «Vavada» және басқа да заңсыз интернет-казиноларды жарнамалап, насихаттаған деген күдікке ілінген.

Агенттік Қазақстан аумағында интернет-казинолардың заңсыз жұмыс істеуіне жағдай жасайтын тұрақты жүйе құрылғанын хабарлады. Оның көмегімен интернет-казино интерфейсі ұсынылып, ақша қабылдау және төлеу тетіктері жолға қойылған. Бұл үшін эквайринг, мобильді төлемдер және криптовалюта пайдаланылған.

Сонымен қатар заңсыз ойындарға Қазақстан азаматтарын барынша көп тарту үшін әлеуметтік желілерде жарнама таратылған.

Блогерлерді тартқан

Тергеу нұсқасына сәйкес, интернет-казиноларды жарнамалау үшін ұйымдастырушылар Махмуд Хикматовты тартқан. Оған Қазақстанда жұмыс істейтін инфлюенсерлерді тауып, солар арқылы жарнамалық материалдарды жариялату міндеті жүктелген.

Осы мақсатта Хикматов блогерлерден олардың әлеуметтік желідегі парақшаларының статистикасын сұратқан. Атап айтқанда, жазылушылардың демографиялық және географиялық көрсеткіштері, сондай-ақ жарияланымдардың қамту аудиториясы туралы мәліметтер жиналған. Жарнама үшін төленетін ақы осы көрсеткіштерге қарай белгіленген.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, күдікті осындай жолмен 35-тен астам блогерді жарнамаға тартқан. Олардың арасында блогер Қамза Қ. да болған.

Тергеу дерегіне сәйкес, аудиториясы ауқымды Қайсар Қамза интернет-казиноларға апаратын рефералдық сілтемелерді жариялап, Қазақстан азаматтарын тыйым салынған құмар ойындарға тартқан. Ол пайдаланушылардың әрбір сілтемеге өтуі үшін сыйақы алып отырған.

Еске салайық, Қайсар Қамза 2026 жылғы 6 тамызда Вьетнамнан Қазақстанға экстрадицияланған.

Қазақстанда жұмыссыз мәртебесін беру тәртібі өзгереді 

Қазақстанда жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу тетіктері жетілдіріліп жатыр. 1 қазаннан бастап жұмыссыз мәртебесін беру алдындағы қолайлы жұмыс іздеу мерзімі 2 күннен 13 күнге дейін ұзартылады.

Национальный стандарт чистоты

ЧИСТОТА ГОРОДСКОЙ СРЕДЫ ДОЛЖНА СТАТЬ НЕ РЕЗУЛЬТАТОМ ОТДЕЛЬНЫХ АКЦИЙ,...

Жол ережесін қайта-қайта бұзғандар куәлігінен бір жылға айырылуы мүмкін 

Қазақстанда жол ережесін бірнеше мәрте және өрескел бұзған жүргізушілердің куәлігін бір жылға тоқтатуды көздейтін баллдық жүйе пысықталып жатыр.

Елімізде декреттік демалысқа шығу ережесі өзгеруі мүмкін 

Қазақстанда ерлердің бала күтіміне байланысты демалысына қатысты өзгерістер талқыланып жатыр.