spot_img
spot_img

ҚҚС төлеушілер нені білуі керек: Негізгі талаптар мен мерзімдер

ҚҚС бойынша жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимінен арнаулы салық режимдеріне (АСР) көшуді жоспарлап отырған кәсіпкерлер үшін бірқатар маңызды талап бар. Мемлекеттік кірістер комитеті ҚҚС есептен шығару тәртібі, өтпелі кезең және тауар қалдықтарына салық салу мәселелерін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

ҚҚС бойынша есептен қашан шығарылады?

Жаңа Салық кодексінің 103-бабына сәйкес ҚҚС төлеуші ретінде тіркеу есебінен шығару тек екі жағдайда жүзеге асырылады:

  • жалпыға бірдей белгіленген режимнен арнаулы салық режиміне көшу кезінде;
  • қызметті тоқтату немесе заңды тұлғаны тарату кезінде.

АСР-ге көшу кезінде қандай есептілік тапсырылады?

АСР-ге көшетін салық төлеуші қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламамен бір мезгілде ҚҚС бойынша таратушы (ликвидациялық) салық есептілігін ұсынуы тиіс.

ҚҚС бойынша есептен шығару күні қалай айқындалады?

ҚҚС бойынша есептен шығару АСР қолдану басталған күннен бастап жүргізіледі. Ал жалпыға бірдей белгіленген режимді қолданатындар үшін бұл күн – салық салу режимін өзгерту туралы хабарлама берілген күн болып саналады.

Мысал

Егер салық төлеуші хабарламаны 2026 жылғы 5 қаңтарда тапсырса:

  • ҚҚС бойынша есептен шығару күні – 2026 жылғы 5 қаңтар;
  • ҚҚС бойынша таратушы есептілік – 2026 жылдың 1 тоқсаны үшін тапсырылады.

Тауар қалдықтары мен ҚҚС: нені ескеру қажет?

АСР-ге көшу кезінде тауар қалдықтарына қатысты мынадай талаптар қолданылады:

  • бұрын ҚҚС есепке жатқызылған тауар қалдықтары салық салынатын айналым болып танылады;
  • айналым көлемі тауарлардың баланстық құны бойынша айқындалады (қайта бағалау мен құнсыздандыру есепке алынбайды);
  • Салық кодексінің 205-бабына сәйкес ҚҚС бойынша есептен шығару күніне дейінгі күнге салық тіркелімі жасалады;
  • ҚҚС мөлшерлемесі айналым жасалған күнге, яғни есептен шығару күніне дейінгі күнге қолданылады.

Маңызды: ҚҚС мөлшерлемесі мен салық салу күнін анықтауда АСР қолдану басталған күн шешуші рөл атқарады.

Өтпелі ережелер: 2026 жылға дейін АСР қолданғандар үшін

Алдыңғы арнаулы салық режимдерінің (шаруа және фермер қожалықтарына арналған АСР-ді қоспағанда) күшін жоюына байланысты келесі өтпелі нормалар енгізілді:

  • 2026 жылғы 1 наурызға дейін хабарлама беріп, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа оңайлатылған декларация негізіндегі АСР-ге көшуге болады;
  • ҚҚС бойынша есептен шығару – 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап;
  • ҚҚС бойынша таратушы есептілік – 2025 жылдың 4 тоқсаны үшін тапсырылады;
  • Тауар қалдықтары 31.12.2025 жағдай бойынша айқындалып, 12% мөлшерлеме бойынша салық салынады.

Аймағамбетов 2026 жылы азаматтардың өмірін жеңілдететін өзгерістер болатынын айтты

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов 2026 жылға арналған жоспарлары туралы...

Жеңілдетілген режим жойылды: 1 қаңтардан бастап бизнесті қалай жабуға болады

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда салық төлеу тәртібі...

Тоқаев Назарбаевтың Путинмен кездесуіне қатысты пікір білдірді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Turkistan газетіне берген көлемді сұхбаты...

Жаңа талаптар: Қазақстанда SIM-картаны қалай сатып алуға болады?

Қазақстанда SIM-картаны рәсімдеу енді биометриялық сәйкестендіруден өткеннен кейін ғана...