Қызылордада мекеменің ішкі тәртіп ережелерін бірнеше рет бұзған 3 сотталған қауіпсіздігі орташа мекемесіне айдауылданды

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37(қауіпсіздігі барынша төмен) мекемесінде жазасын өтеушілермен мекемеге келген күннен бастап тәрбиелік жұмыстар жүргізіледі. Оларға мекеменің ішкі күн тәртібі, құқықтары мен міндеттері мекеме қызметкерлерімен түсіндіріледі. Жазасын өтеушілер арасында мекеменің ішкі күн тәртібіне бағынғысы келмейтіндер де кездеседі. Олармен мекеме психологы, тәрбие бөлімінің қызметкерлері жұмыс жасайды.
Режим тобынынң жедел уәкілі әділет майоры Ә.Рахмановтың айтуынша жыл басынан 3 сотталған мекеменің ішкі тәртіп ережелеріне бағынбаған, сотталғандардың пайдалануы мен сақтауына тыйым салынған заттарды алып кірмекші болған. Мекеме қызметкерлері күнделікті қала ішінде жұмыс жасайтын сотталғандарды тінту-тексеру жұмыстарын жүргізеді. Осындай тексеру кезінде анықталған. Үш сотталғанның іс –құжаттары жинақталып, Қызылорда қалалық сотына ұсынылып, нәтижесінде сот қаулысымен олардың жаза өтейтін мекеме түрі ауыстырылды. Қауіпсіздігі төмен мекемесінен қауіпсіздігі орташа мекемесіне жазасын одан әрі өтеу үшін айдауылданды. Бес саусақ бірдей емес, сотталғандар арасында да тағдырлары әр түрлі жаңылып жаза басқандар бар. Түзеу мекемесінен босап шыққан соң жеке кәсіпке бет бұрған азаматтар да бар. Өз ісіне өкініп, түзелуге бет бұрғандар мекеменің іс-шараларына қатысып, өзін жақсы жағынан көрсетіп, тәртібі дұрысталып, көтермелеу шараларын алып, мерзімінен бұрын босап жатқандар да бар. Әрбір жазасын өтеушінің жазасын өтеп шыққан соң, қайта өмірге бейімделіп қоғамға тез сіңісіп кетуіне жұмыс жасаймыз және оларға заң талаптарында көрсетілген міндеттерді қатаң сақтауға, егер бұзған жағдайда басқа мекемеге ауыстырылатындығы да ескертеміз,- дейді әділет майоры Ә.Рахманов.

Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

В женской колонии области Абай отметили День национальной одежды

В женской колонии, подведомственной Департаменту уголовно-исполнительной системы по области...

Абай облысындағы әйелдер колониясында Ұлттық киім күні атап өтілді

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты әйелдер колониясында...

16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні

16 наурыз – «Наурызнама» онкүндігі аясында Мәдениет және ұлттық...

Амал мерекесі аталып өтті

Амал күні (Көрісу) – 14 наурызда тойланатын, қыстан аман-есен...

15 наурыз – Қайырымдылық күні

Бүгін Наурызнама аясында Қайырымдылық күні аталып өтеді. Бұл –...