Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

«Құрметті отандастар! Сіздерді Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!

Бұл – халқымыздың мызғымас бірлігін айшықтайтын ұлық мейрам. Тәуелсіздік күні еліміздің азаттығын және жаңа тарихи кезеңде дербес даму жолына түскенін әйгілейді. Біз осы мерейлі мерекеде халқымыздың бостандық туралы арманын ақиқатқа айналдыруға өлшеусіз үлес қосқан ерлердің рухына тағзым етеміз.

Азаттықтың арқасында еліміз жаңа белестерге қадам басты. Тәуелсіздігін жариялағаннан кейін ғана Қазақстан дипломатиялық тұрғыдан мойындалып, халықаралық қауымдастықтың толыққанды мүшесі ретінде таныла басталды. Тәуелсіздік бәрінен қымбат! Оны табысты әрі бақуатты мемлекеттің тірегі саналатын қастерлі құндылық ретінде көздің қарашығындай сақтау – ата-бабаларымыздың және келер ұрпақтың алдындағы қасиетті борышымыз.

Қазақстан стратегиялық бағытынан айнымай, мемлекеттілік дәстүрін дәйекті түрде дамытып келеді. Барлық салада қолға алынған ауқымды өзгерістер сан ғасырлық төл шежіреміздің жаңа парағын ашты. Біз баршаға бірдей мүмкіндік беріп, өсіп-өркендеуге жол ашатын Әділетті Қазақстанды құрып жатырмыз.

Қоғамда бірлік пен тұрақтылық, заң мен тәртіп, жауапкершілік пен ынтымақ, білімпаздық пен еңбекқорлық сияқты құндылықтар берік орнықса, осы мақсатқа қол жеткізетініміз анық.

Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін! Көк туымыз мәңгі желбірей берсін! Тәуелсіздігіміз баянды болсын!», — делінген құттықтауда.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.

Ипотека бағдарламалары. 2027 жылы қалай үй алуға болады?

Қазақстанда 2027 жылы жеңілдігі бар бірнеше ипотека бағдарламасы шығады. Бұлар: «7-20-25», «Наурыз», «Ұмай», өңірлік және әскери ипотека.

Елімізде түнде -8 градусқа дейін аяз болады

4 қарашада Қазақстанның 20 қаласының 18-інде жауын-шашын болмайды. Шымкент...

Қазақстанда қала халқы өсіп, ауыл тұрғындарының саны азайды

2026 жылғы 1 қазанда Қазақстан халқының саны 20,6 миллион адамнан асты. Жыл басынан бері ел тұрғындары 133 707 адамға немесе 0,65% көбейген.

Время перемен и ответственности

ЭКОНОМИЧЕСКИЙ РОСТ, БЛАГОСОСТОЯНИЕ ГРАЖДАН, РАЗВИТИЕ РЕГИОНОВ И ПРАВОВЫЕ ГАРАНТИИ СТАЛИ ГЛАВНЫМИ ТЕМАМИ ОБСУЖДЕНИЯ ПОСЛАНИЯ. ЕГО ПОЛОЖЕНИЯ ПОЛУЧИЛИ ПОЛОЖИТЕЛЬНЫЕ ОЦЕНКИ СО СТОРОНЫ КАЗАХСТАНСКИХ ЭКСПЕРТОВ И ПРЕДСТАВИТЕЛЕЙ ОБЩЕСТВЕННОСТИ, А ТАКЖЕ ВЫЗВАЛИ ИНТЕРЕС ЗАРУБЕЖНОГО ЭКСПЕРТНОГО СООБЩЕСТВА.