Қасым-Жомарт Тоқаев латын әліпбиіне көшу туралы: Көптеген өрескел қате жібердік

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев билік латын әліпбиіне тез арада көшуіміз керек деп, көптеген өрескел қате жібергенін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Тағы бір өте маңызды мәселе. Бұл қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуіне қатысты. Бұл мәселе бүкіл қоғамның ықыласын тудырғаны белгілі. Мен бұрын бұл мәселе бойынша талай рет айттым: біз, ең алдымен, осы сәтті пайдалана отырып, қазақ тіліне реформа жасауымыз керек. Мәселе кирилл әліпбиінен латын әліпбиіне механикалық түрде көшуде емес. Біз латын әліпбиіне тез арада көшуіміз керек деп, көптеген өрескел қате жібердік», — деді Мемлекет басшысы.

Ол латын қарпімен жазылған билбордтарды мысалға келтірді.

«Бұл – қазақ тілі емес, тіліміздің табиғатына жат, бұрмаланған мәтіндер. Сондықтан бұл жұмысты Ғылым академиясының басшылығымен асығыстыққа жол бермей, жан-жақты ойластыра отырып, жалғастыру керек. Тағы да қателесуге құқымыз жоқ.

Бір мысал келтірейін. Мен бұл мәселе бойынша Құрылтай отырысында айттым. Кириллицада көптеген сөзде «ы» деген әріп бар. Мысалы, «ырымшыл» деген сөзде үш «ы». Біз оны автоматты түрде «у» деп жазатын болдық. Сонда «ырымшыл» деген сөзді латын әліпбиінде жазатын болсақ, үш игрек болады. Бұл қазақ тілі ме? Оны кім оқи алады? Ақырында, тіліміз кирилл әліпбиімен де, тіпті, латын әліпбиімен де жағымсыз көрінетін болды. Осындай мысалдар аз емес. Сондықтан ғалымдарымыз басқа елдердің озық тәжірибесін мұқият зерттеп, ұтымды тұстарын пайдалануы керек», — деді Тоқаев.

Между угрозой и трагедией 

УБИЙСТВА ЖЕНЩИН, СОВЕРШЕННЫЕ СУПРУГАМИ, СТАВЯТ ВОПРОС О ТОМ, НАСКОЛЬКО ЭФФЕКТИВНО В КАЗАХСТАНЕ РАБОТАЕТ СИСТЕМА ПРЕДУПРЕЖДЕНИЯ СЕМЕЙНО-БЫТОВОГО НАСИЛИЯ. ЗАКОНОДАТЕЛЬСТВО УЖЕСТОЧАЕТСЯ, ПОЛИЦИЯ ВЫНОСИТ ТЫСЯЧИ ЗАЩИТНЫХ ПРЕДПИСАНИЙ, ОДНАКО ТРАГЕДИИ ПРОДОЛЖАЮТСЯ. ДЕПУТАТЫ ПРЕДЛАГАЮТ НОВЫЕ СПОСОБЫ ВМЕШАТЕЛЬСТВА НА РАННЕЙ СТАДИИ – КОГДА УГРОЗЫ И ПРЕСЛЕДОВАНИЕ ЕЩЕ МОЖНО ОСТАНОВИТЬ.

Елімізде жүк көліктері үшін жол ақысы өзгеруі мүмкін 

Қазақстанда коммерциялық жүк көліктерінің жол ақысын төлеу жүйесін жетілдіру мәселесі қарастырылып жатыр.

Қандас мәртебесін алғысы келетіндер нені білуі керек? 

Қазақстанға көшуді жоспарлаған этникалық қазақ қандас мәртебесіне өтініш беруді неден бастайды? Биылғы пилоттық тәртіп бойынша алдымен қазақ тілінен тест тапсырып, сауалнама толтыру және әңгімелесуден өту қажет.

Мұнай бағасы апта қорытындысы бойынша күрт арзандауы мүмкін 

Brent маркалы мұнай бағасы бір аптада шамамен 12%-ға төмендеуі ықтимал.

Су тапшылығы: Қазақстанға қауіп бар ма? 

Қазақстанда су тапшылығы қаупі қаншалықты жоғары және алдағы жылдары елді қандай жағдай күтіп тұр?