Қанша қазақстандық жүргізуші куәлігін онлайн ауыстырды?

ІІМ көрсетілетін қызметтерді қолжетімді және ашық ету мақсатында олардың кейбірін смартфондарға шығарды. Онлайн-қызметтер іске қосылған сәттен бастап оларды 7 миллионнан астам азамат пайдаланды, оның ішінде 167 мың адам жүргізуші куәлігін ауыстырған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Автокөлікті басқарудың міндетті шарттарының бірі – жарамды жүргізуші куәлігінің болуы. Жүргізуші куәлігі мен техпаспортты алып жүруді міндеттемеу мақсатында ІІМ оларды «цифрландырды» және құжаттардың цифрлық аналогтарын пайдалану үшін заңнаманы өзгертті.

Бұл қызмет көрсету мерзімін орта есеппен 4-5 есеге қысқартуға, қағазбастылықтан арылтуға және ХҚКО-лардағы кезектерді азайтуға мүмкіндік берді.

Сондай-ақ ІІМ жүргізуші куәліктерінің қолданылу мерзімі өтуге жақындаған кезде оларды уақтылы ауыстыру қажеттігі туралы еске салатын SMS және push-хабарламаларды жіберу сервисін енгізді.

«Бұрын жыл сайын ХҚКО-ға қолданылу мерзімі өтіп кеткен жүргізуші куәліктерін ауыстыру үшін 400 мыңға жуық азамат жүгінетін. Енді жүргізуші куәлігін онлайн режимде екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы ауыстыруға болады. Жүргізуші куәлігін жаңарту үшін осындай қосымшалардың біріне кіріп, биометриялық тексеруден өтіп, өз смартфоныңызға суретке түсу жеткілікті. Өтінім ІІМ дерекқорында өңделгеннен кейін жаңа жүргізуші куәлігі 10-15 минут ішінде автоматты түрде шығарылады», — делінген ІІМ таратқан хабарламада.

Азамат ХҚКО-дан жаңа құжатты өзіне ыңғайлы кез келген уақытта ала алады, ал автокөлікті смартфондағы «цифрлық» жүргізуші куәлігі нұсқасы бойынша бірден жүргізе беруіне болады.

Между угрозой и трагедией 

УБИЙСТВА ЖЕНЩИН, СОВЕРШЕННЫЕ СУПРУГАМИ, СТАВЯТ ВОПРОС О ТОМ, НАСКОЛЬКО ЭФФЕКТИВНО В КАЗАХСТАНЕ РАБОТАЕТ СИСТЕМА ПРЕДУПРЕЖДЕНИЯ СЕМЕЙНО-БЫТОВОГО НАСИЛИЯ. ЗАКОНОДАТЕЛЬСТВО УЖЕСТОЧАЕТСЯ, ПОЛИЦИЯ ВЫНОСИТ ТЫСЯЧИ ЗАЩИТНЫХ ПРЕДПИСАНИЙ, ОДНАКО ТРАГЕДИИ ПРОДОЛЖАЮТСЯ. ДЕПУТАТЫ ПРЕДЛАГАЮТ НОВЫЕ СПОСОБЫ ВМЕШАТЕЛЬСТВА НА РАННЕЙ СТАДИИ – КОГДА УГРОЗЫ И ПРЕСЛЕДОВАНИЕ ЕЩЕ МОЖНО ОСТАНОВИТЬ.

Елімізде жүк көліктері үшін жол ақысы өзгеруі мүмкін 

Қазақстанда коммерциялық жүк көліктерінің жол ақысын төлеу жүйесін жетілдіру мәселесі қарастырылып жатыр.

Қандас мәртебесін алғысы келетіндер нені білуі керек? 

Қазақстанға көшуді жоспарлаған этникалық қазақ қандас мәртебесіне өтініш беруді неден бастайды? Биылғы пилоттық тәртіп бойынша алдымен қазақ тілінен тест тапсырып, сауалнама толтыру және әңгімелесуден өту қажет.

Мұнай бағасы апта қорытындысы бойынша күрт арзандауы мүмкін 

Brent маркалы мұнай бағасы бір аптада шамамен 12%-ға төмендеуі ықтимал.

Су тапшылығы: Қазақстанға қауіп бар ма? 

Қазақстанда су тапшылығы қаупі қаншалықты жоғары және алдағы жылдары елді қандай жағдай күтіп тұр?