Қазақстан палестиналықтардың өз мемлекетін құру құқығын қолдайды — СІМ

Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта Араб мемлекеттері лигасы мен Ислам ынтымақтастығы ұйымының кезектен тыс бірлескен саммиті өтті. Оған Қазақстан да қатысты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Саммит барысында Араб мемлекеттері лигасы мен Ислам ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің өкілдері Таяу Шығыстағы жағдайға қатысты өз ұстанымын білдірді.

Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қазақстанның палестиналықтардың өз мемлекетін құруға заңды құқығын қолдайтынын мәлімдеді. Біздің еліміз БҰҰ қарарларына сәйкес «Екі халық үшін екі мемлекет» формуласын жүзеге асыру Палестина халқының бейбіт және қауіпсіз болашағын қамтамасыз етудің жалғыз жолы деп санайды.

«Біздің ел палестиналықтардың өзін-өзі анықтауға және халықаралық мойындалған Палестина мемлекетін құруға заңды құқығын толығымен қолдайды», — деді Сыртқы істер министрі.

Сонымен қатар, Мұрат Нұртілеу Қазақстанның Газа секторындағы қатыгез әскери қимылдарды дереу тоқтатуға шақырған Ислам ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттермен ынтымақтастығын атап өтті.

«Біздің ел Мысырдың бейбіт тұрғындарға медициналық және гуманитарлық көмек көрсету дәліздерін ұсыну туралы шешімін мақұлдайды. Қазақстан өз тарапынан жақында палестиналық бауырлар үшін бір миллион доллар аударды және қосымша гуманитарлық көмек көрсетуді жоспарлап отырмыз», — деді Нұртілеу.

Сыртқы саясат ведомствосының басшысы Қазақстанның 150-ден аса азаматы, негізінен қазір Газада жүрген әйелдер мен балалар Рафах бақылау-өткізу пункті арқылы шыға алмағанына алаңдаушылық білдірді.

«Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Мысыр мен қатысы бар барлық тарапты Газа секторынан барлық бейбіт тұрғындарды, соның ішінде Қазақстан азаматтарын да эвакуациялауды қамтамасыз етуге шақырамын», — деді Нұртілеу.

Соңында премьер-министрдің орынбасары — сыртқы істер министрі барлық халықаралық және гуманитарлық ұйымдарды гуманитарлық апатты жеңілдету және зардап шеккен аудандарда өмір сүру жағдайларын қалпына келтіру үшін Газа секторындағы қазіргі өте қиын жағдайға араласуға шақырды.

«Біз тек Таяу Шығыста ғана емес, бүкіл әлемдегі тұрақтылық пен қауіпсіздік үшін тараптарды келіссөз үстеліне отырғызуымыз керек», — деп түйіндеді министр.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.

Ипотека бағдарламалары. 2027 жылы қалай үй алуға болады?

Қазақстанда 2027 жылы жеңілдігі бар бірнеше ипотека бағдарламасы шығады. Бұлар: «7-20-25», «Наурыз», «Ұмай», өңірлік және әскери ипотека.

Елімізде түнде -8 градусқа дейін аяз болады

4 қарашада Қазақстанның 20 қаласының 18-інде жауын-шашын болмайды. Шымкент...

Қазақстанда қала халқы өсіп, ауыл тұрғындарының саны азайды

2026 жылғы 1 қазанда Қазақстан халқының саны 20,6 миллион адамнан асты. Жыл басынан бері ел тұрғындары 133 707 адамға немесе 0,65% көбейген.

Время перемен и ответственности

ЭКОНОМИЧЕСКИЙ РОСТ, БЛАГОСОСТОЯНИЕ ГРАЖДАН, РАЗВИТИЕ РЕГИОНОВ И ПРАВОВЫЕ ГАРАНТИИ СТАЛИ ГЛАВНЫМИ ТЕМАМИ ОБСУЖДЕНИЯ ПОСЛАНИЯ. ЕГО ПОЛОЖЕНИЯ ПОЛУЧИЛИ ПОЛОЖИТЕЛЬНЫЕ ОЦЕНКИ СО СТОРОНЫ КАЗАХСТАНСКИХ ЭКСПЕРТОВ И ПРЕДСТАВИТЕЛЕЙ ОБЩЕСТВЕННОСТИ, А ТАКЖЕ ВЫЗВАЛИ ИНТЕРЕС ЗАРУБЕЖНОГО ЭКСПЕРТНОГО СООБЩЕСТВА.