Қазақстанның барлық өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады

Синоптиктер бүгін, 20 желтоқсанда Қазақстанның барлық өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қызылорда облысының басым бөлігінде көктайғақ, тұман. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың орталығында 15-20 м/с болады. Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде бұрқасын, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.

Ақмола облысында бұрқасын. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с болады.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ.

Жетісу облысының таулы аудандарында қар қалың түседі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с болады.

Астанада 20 желтоқсанда жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Абай облысының солтүстігінде, батысында, орталығында бұрқасын. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында 15-20, екпіні 23-28 м/с болады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында бұрқасын. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні — 23 м/с.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігіде, орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Алматыда түнде тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні — 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде бұрқасын. Түнде және таңертең облыстың оңтүстік-батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 25 м/с болады.

Қостанай облысының басым бөлігінде жауын-шашын жауады, облыстың солтүстігінде жауын-шашын (қар, жаңбыр) мол түсіп, бұрқасын болады. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында көктайғақ. Облыстың шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, батысында кей уақыттарда екпіні 25 м/с болады.

Павлодар облысының оңтүстігінде жаяу бұрқасын, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Түркістан облысының таулы аудандарында, күндіз солтүстігінде, батысында көктайғақ. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында 15-20, түнде облыстың тау асуларында екпіні 23 м/с болады.

Шымкентте түнде және таңертең тұман.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с болады.

Совминкада жаңа медициналық ғимараттар бой көтереді

ҚР ПІБ Медициналық орталығының Ұлттық госпиталі аумағында жаңа медициналық ғимараттарды кезең-кезеңімен салу арқылы ауқымды жаңғырту жұмыстары басталды. Жоба аясында инфрақұрылымның бір бөлігін жаңарту және заманауи көпсалалы медициналық кешен құру көзделген.

Мемлекет басшысы жаңа Конституцияға сәйкес бірқатар заңдарға қол қойды 

Конституция ережелерін жүзеге асыратын жаңа конституциялық заңдар.

Мыңдаған қазақстандық не үшін шетелде жұмыс істеп жүр?

2026 жылдың бірінші тоқсанындағы жағдай бойынша 148,6 мың қазақстандық шетелде еңбек етіп жүр.

1 шілдеден бастап ипотека өзгереді: Жаңа ереже кімге тиімді, кімге тиімсіз болады? 

Жаңа талаптарға сәйкес, ипотека мөлшерлемесі азаматтың бастапқы жарна көлеміне байланысты белгіленеді. Сонымен қатар қарыз алушылардың ресми табысына қойылатын талаптар күшейіп, банктер борыштық жүктемені бағалаудың қосымша көрсеткішін қолдана бастайды.